Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет242/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   832
Байланысты:
струков патан

111-сурет. Хорионэпителиома. 


Нуржігіт Алтынбеков 
210
Тері 
Терінің ісіктері неше түрлі және олар эпидермистен де, тері қосалқылары: тер 
безі, шаш фолликулының безі мен май безінен де дамиды. Олардың қатерсіз
деструкциялы және қатерлі түрлері болады. Тері ісіктерінің ішінде ең 
маңыздылары: сирингаденома, гидраденома, трихэпителиома және базал-
жасушалық карцинома (базалиома). 
Сирингаденома
– тер бездері өзекшелерінің эпителийінен өнетін қатерсіз ісік. 
Сирингаденоманың 
бүрлі
және 
тубулалық
түрлері болады. Ісіктің бірінші 
түрінде эпителийдің қос қабатымен астарланған бүрлер түзілсе, екіншісінде
қосқабатты эпителий ретсіз жайғасқан түтіктер қалыптасады. 
Гидраденома
– 
тер бездерінің секрет түзетін эпителийінен дамитын қатерсіз ісік. Эпителийден 
бүрлі өсінділер пайда болады. 
Трихэпителиома 
– шаш (түк) фолликулдарынан 
немесе олардың эмбриондық элементтерінін өсетін қатерсіз ісік; оған ақаулы 
шаш фолликулдары, жайпақ эпителийлік кисталар мен ол кисталарға қасаң зат 
жиылуы тән. 
Базал-жасушалы карцинома (базалиома)
– теріде ең жиі кездесетін ісік. Ол 
деструкциялы өсетін, қайталанғанмен, метастаз бермейтін және мойын мен 
бетте жиірек кездесетін түйін немесе ойық жара тәрізді (
ulcus rodens
). Бұл 
карциноманың біразы көптүйінді. Микроскопты қолданғанда, оның 
эпидермистің базал жасушаларына ұқсағанмен, жасушааралық жалғамдары 
жойылған, жұқа ғана цитоплазмасы базофилді (қоңыр жасушалар), бітімі 
жұмыр, сопақша немесе ұршық тәрізді ұсақ жасушалардан құрылғаны көрінеді. 
Жасушалардан тізбектер мен мультицентрлі ұялардың біразы қалыптасады. Ісік 
жасушаларының арасында тері қосалқыларына ұқсайтын құрылымдар пайда 
болуы мүмкін. 
Тері қосалқыларынан 
тер безінің карциномасы мен май безінің карциномасы 
және
шаш фолликулдарының карциномасы
дамиды. Аталған ісіктер сирек 
кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет