Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


-сурет. Сүт безінің бөлікшелік карциномасы



Pdf көрінісі
бет241/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   832
Байланысты:
струков патан

109-сурет. Сүт безінің бөлікшелік карциномасы. 
Инфильтрациясыз өзекшеішілік карциноманың (өзектік «орнындағы 
карцинома
») бүрлі, безеу тәрізді және криброзды (торлы) түрлері бар. 
Бүрлі 
карцинома
өзекшелердің саңылауын жайлай өсіп, сыртына шықпайды. 
Безеу 
тәрізді
карцинома мультицентрлі өскенмен, әдетте сүт безінің бір сегментімен 
ғана шектеледі. Анаплазиялы эпителий өзек ішінде солидты, безді, жалған бүрлі 
құрылымдар түзеді (110-сурет). Осы құрылымдардың өзектерді толтыра келе, 
некрозға шалдығатындығы – ісіктің негізгі ерекшелігі. Ісіктің кесінділерін 
сығымдағанда кеңіген өзекшелерден өлекселер мен ізбестенген қоймалжың 
жентек бөлінеді. Біраздан кейін өзекшеішілік карцинома, бөлікшеішілік 
карциномадай, 
инвазиялы 
түрге 
ауысады. 
Криброзды 
карцинома
гистологиялық құрылымындағы өлі жасушалар орны тесік тәрізді 
болатындақтан, торлы. 
110-сурет. Сүт безінің өзекшеішілік карциномасы. 
Сүт безінің 
Педжет ауруына
: емшек үрпісі мен ареолының экземасы, емшек 
үрпісі мен ареолының эпидермисіндегі ірі, ашық түсті жасушалар және сүт безі 
өзегіндегі карцинома, яғни үштік тән. Қалыңдап, қопси жұмсарған 
эпидермистен 
Педжет жасушалары
деп аталатын, ашық түсті, ерекше 


Нуржігіт Алтынбеков 
209
жасушалар байқалады. Ол жасушаларда жасушааралық жалғамдар болмайды 
және олар эпидермистің өнгіш, орталық қабатында жайғасып, қасаң қабатқа 
дейін жайылады. Педжет жасушалары еш уақытта дермаға жайылмайды. 
Карцинома ірі өзектерден де, ұсақ өзекшелерден де туындай береді және оның 
құрылысы скирр де, безеу тәрізді де, криброзды (торлы) да болуы мүмкін. 
Педжет ауруы жасушалардың кішкентай, жеке шоғырынан ғана емес, емшек 
үрпісі мен ареолының эпидермисін, емшектің ірі өзектері мен ұсақ 
өзекшелерінің сағаларын қамтып, үш бөліктен тұратын ірі ісіктік алаңнан, яғни 
мультицентрлі дамиды деген пікір айтылған-ды (Головин Д.И.,1981). Ісіктің 
прогрессиясы аппозициялық өсу және бұл үдеріске жаңа эпителийлік 
құрылымдардың біртіндеп қосылуы арқылы жүзеге асады. Сөйтіп, Педжет 
жасушалары өндіршін қабаттың малигнизациялы өзгерген эпителийлік 
элементтерінен туындайды. 
Жатыр 
Жатырдың эпителийлік ісіктеріне деструкциялы (қатерлі) қағанақ кезбесі мен 
хорионэпителиома (хорионкарцинома) жатады. 
Деструкциялы (қатерлі) қағанақ кезбесі
кезінде харион бүрлері жатыр мен 
кіші жамбас қуысының веналарына жайылады. Сөйтіп жатыр мен басқа 
мүшелерде (қынап, өкпе) ісіктің жаңа ошақтары қалыптасады. Хорионның 
бүрлері ұсақтау, ал трофобластының құрамында синцитийлік жасушалар басым 
болады және олар көбейеді. Деструкциялы қағанақ кезбесінің тең 
жартысындайы 
хорионэпителиомаға 
айналады. 
Хорионэпителиома 
(хорионкарцинома) түсіктен, түтіктік жүктіліктен, босанғаннан кейін қалған 
бала жолдасы қалдықтарынан, әсіресе деструкциялы қағанақ кезбесінен жиі 
дамитын трофобластылық қатерлі ісік. Ісік – тарғыл түсті, кеуекті түйін; 
миометрийге жайылады. Ертеректе бұл ісік жүкті жатырдың децидуалық 
тінінен дамиды деп жорамалдалып, децидуома деп аталатын еді. 1886 жылы 
мәскеулік патологанатом М.Н. Никифоров, онымен қатар, сол кезде швейцар 
патологанатомы Маршан ісіктің хорион бүрлерінен өнетінін айқындап, оның 
анаға қатысы жоқ, нәрестелік құрылымнан дамитындығын дәлелдеді; осыдан 
кейін ол хорионэпителиома деп аталатын болды. Хорионэпителиома алып 
жасушалар араласқан Лангханстың ашық түсті эпителийлік жасушалар мен 
оларды жағалай жайғасқан синцитийдің полиморфты қоңыр жасушаларынан, 
яғни цито- және синцитийлі трофобластылық элементтерден түзіледі (111-
сурет). Құрамында қанды ошақтар болады. Ісік жасушалары қан арнасына оңай 
өтіп, гематогендік метастазды ең алдымен өкпеге өрбітеді. Хорионэпителиома 
даму барысында гормон бөлетін – гормон түзетін ісік. Гормонды несептен 
анықтауға 
болады. 
Хорионэпителиоманың 
бірен-сараны 
тератомадан 
қалыптасады. Сондықтан оның кейде әйелдердің аналық безінде, ерлердің 
аталық безінде, көкірек қуысында, қуықта даму себебі осыған байланысты деп 
есептеледі. Ісіктің бұл түрлері эктопиялы хорионэпителиома деп атайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет