Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет248/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   832
Байланысты:
струков патан

Бүйрекүсті безі 
Бүйрекүсті безінің, гормон түзетін ісіктері қыртыстық және милық 
қабаттардың жасушаларынан өнеді. Олар қатерсіз де, қатерлі де болады. 
Құрылысы әртүрлі бола алатын аденокортикалық аденомалар қыртыстық 
қабаттың 
қатерсіз 
ісіктері 
болып 
табылады. 
Ашық-жасушалы 
адренокортикалық аденома
кейбір жерлерінде бөлікшелер байқалатын, бір 
немесе бірнеше түйін қалыптастыратын және цитоплазмасы липидті, ашық 
түсті 
ірі 
жасушалардан 
түзіледі. 
Аденоманың 
бұл 
түріне 
гиперальдостеронизмның (Конн синдромы) клиникасы тән, сондықтан ол 
альдостерома
деп те аталады. 
Қоңыр-жасушалы адренокортикалық аденома
цитоплазмасы липофусцинді, 
қоңыр түсті ұсақ жасушалардан түзіледі; олар бірі екіншісімен ұштаса 
жалғасқан (анастомоз) тізбектер қалыптастырады. Ісіктің андрогендік әсерінен 
(
андростерома
) вирилизмнің (ерекекшора, латынша: 
vir
– ер адам) клиникалық 
нышандары, кейде Кушинг синдромы байқалады. 
Аралас адренокортикалық 
аденома
ашық және қоңыр түсті жасушалардан құрылады; клиникалық 
бейнесіне гиперкортицизм (Кушинг синдромы) тән, оны кортикостерома деп те 
атайды. 
Гломерула-жасушалы аденома
цитоплазмасы липидсіз, көпіршікті 
жасушалардан түзіледі; оның құрылымы бүйрекүсті безінің шумақты аймағына 
ұқсас. Оның клиникалық бейнесі минералкортикоидтары тым көп бөлуімен 
байланысты. 
Бүйрекүсті безінің қыртыстық затының қатерлі ісігі
– 
адренокортикалық 
карцинома
– құрылымы полиморфты, сирек кездесетін ісік; оған инвазиялы, 
веналарға жайыла өсіп, көбіне гематогендік жолмен метастаздану тән. 
Бүйрекүсті безінің милық қабатының қатерсіз ісігі
феохромоцитома деп 
аталады (грекше: 
phaios
– қоңыр және
chroma 
– баяу, түс). Феохромоцитома 
гормон түзеді, әдетте бездің біреуінде ғана дамиды; кесіндісінің түсі бозғылт 
қызыл немесе қоңыр. Ол цитоплазмасы ашық түсті ұзынша жасушалардан 
(хромаффиндік тіннің жасушалары) құрылады. Гистологиялық құрылысы 
полиморфты. Ісік жасушалары қанға бөлінетін катехоламиндерді көп түзеді, 
сондықтан, әдетте қанның қысымы жоғарылап, басқа да өзгерістер дамиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет