Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет251/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   832
Байланысты:
струков патан

Асқазан-ішек жолы 
Асқазан 
мен 
ішектің 
кілегейлі 
қабықшасында 
Кульчицкийдің 
энтерохромаффиндік жасушаларынан дамитын, ерекше ісік – 
карциноид
кездеседі. Ол ісік ішектің түрлі бөлімдерін (аппендиксті) жиірек, асқазанды 
сиректеу зақымдайды. Ісіктің диаметрі бірнеше сантиметр, кесіндісінің түсі 
сары болады, ал оның тіні дәнекер тінмен шектелген полигональді жасушалар 
ұялары мен тізбектерінен құрылады (115-
сурет
). Жасушалардағы липидтер 
сәулені қос бағытқа бұрса, серотонин болымды хромаффиндік реакция береді. 
Карциноид серотонин бөлсе, карциноидтық синдром орын алады (артериялық 
қысым жоғары, жүрек зақымдалады). Карциноид сирек те болса, 
қатерлі 
карциноидқа
айналып, метастаз жаяды. 
115-сурет. Карциноид. 
МЕЗЕНХИМАЛЫҚ ІСІКТЕР 
Онтогенезде дәнекер тін, қан тамырлары, бұлшықеттер, тірек-қимыл 
аппаратының тіндері, сірі қабаттар мен қанжасам жүйесі мезенхимадан бастау 
алады. Мезенхиманың жасушалары белгілі бір жағдайларда ісіктің де даму көзі 
болады. Мезенхималық ісіктер фиброзды, майлы, бұлшықет тіндеріне, қан және 
лимфалық тамырлардан, синовийлік және мезотелийлік тіндер мен сүйектерден 
дамуы мүмкін. Олардың қатерсіз және қатерлі түрлері бар. Ісіктердің осы 
тобына жататын негізгі түрлері 9-кестеде берілген. 


Нуржігіт Алтынбеков 
218
9-кесте. Мезенхималық ісіктер
Ісіктің даму көзі 
Қатерсіз ісіктер 
Қатерлі ісіктер 
Дәнекер 
(фиброзды) тін 
Фиброма: қатты, жұмсақ, десмоид 
Дерматофиброма (гистиоцитома) 
Фибросаркома: 
толысқан, 
толыспаған 
Томпақ дерматофиброма
(қатерлі гистиоцитома) 
Майлы тін 
Липома 
Гибернома 
Липосаркома 
Қатерлі гибернома 
Бұлшықет тіні 
Лейомиома
Рабдомиома
Түйіршік-жасушалы ісік 
Лейомиосаркома 
Рабдомиосаркома 
Түйіршік-жасушалы қатерлі ісік
Қан тамырлары
Гемангиома: капиллярлық, веналық, 
каверналық; 
қатерсіз
гемангиоперицитома 
Гломустік ісік (гломус-ангиома)
Ангиосаркома: 
қатерлі 
гемангиоэндотелиома; 
қатерлі 
гемангиоперицитома 
Лимфалық тамырлар 
Лимфангиома
Лимфангиосаркома 
(қатерлі 
лимфангиоэндотелиома) 
Синовийлік қабықшалар 
Қатерсіз синовиома 
Қатерлі синовиома 
Мезотелийлік тін 
Қатерсіз мезотелиома
Қатерлі мезотелиома 
Сүйек тіні 
Остеома, қатерсіз остеобластома
Хондрома, қатерсіз хондробластома 
Остеосаркома 
Хондросаркома 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет