Нуржігіт Алтынбеков
214
жасушалардың үш: А-жасуша (фолликулдық), В-жасуша – Аскинизи жасушасы
және С-жасуша (парафолликулдық) тобы бар. Аталған жасушалардың
әрқайсысы
гистогенезі, құрылысы мен гистохимиялық ерекшеліктері
тұрғысынан әртүрлі.
Қалқанша бездің
аденомалары
: А және В жасушалардан дамитын, құрылысы
қалқанша
безге
ұқсайтын,
ұсақ
(микрофолликулды)
және
ірілеу
фолликулдардан (макрофолликулды)
қалыптасатын
фолликулды аденома
;
кальцитонин гормонын түзетін С-жасушадан туындайтын
солидты аденома
.
Цитоплазмасы ашық түсті оксифилді ірі ісік
жасушалар коллоидқа толған
фолликулдардың арасына, оларды ығыстыра өседі. Ісіктегі кисталардың
қабырғаларында тармақтала өскен бүрлі құрылымдар қалыптасқан аденома –
папиллалы аденома
деп аталады. Аденомадағы папиллалық құрылымдар –
ісіктің қатерліленуге бейімділігін көрсететін белгі.
Қалқанша бездің карциномасы
көбіне аденомалардан өнеді. Оның бірнеше
түрі бар.
Фолликулды карцинома
фолликулды аденомадан дамиды. Ол
қабық пен қан
тамырларының қабырғаларына жайыла өсетін атипиялы фолликулдық
жасушалардан құрылады. Бұл ісіктің гематогендік метастаздары сүйекте жиі
байқалады.
Құрылысында
атипизмнің
көрінісі
айқын
болғанмен,
инфильтрациялы өсіп, метастаз жаюға бейім тұратын
пролиферациялы
Лангханс
струмасы
осы ісіктің бір варианты болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: