Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


Бүйрекүсті безінің милық затының қатерлі ісігі



Pdf көрінісі
бет249/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   832
Байланысты:
струков патан

Бүйрекүсті безінің милық затының қатерлі ісігі
– 
қатерлі 
феохромоцитомаға
(
қатерлі феохромобластома
) жасушалық атипизм тән; ол 
өте сирек кездеседі.
Айыршық без (тимус) 
Айыршық бездің ісігі – тимома – лимфоцит-тимоциттерден немесе 
эпителийлік тордың жасушаларынан дамиды; олардың қатерсіз де, қатерлі де 
түрі бар. Бұл ісік жастарда кездеседі, айыршық бездің кейпін қайталайтын 
немесе қабықты түйін түрінде көкірек қуысында жайғасады. Клиникалық 
бейнесі білінбейді немесе ол төңірегіндегі мүшелерді қысады; сонымен қоса, 


Нуржігіт Алтынбеков 
216
аутоиммундық аурулар (миастения, жүйелік қызыл ноқта, ревматоидтық 
артрит, т.б.) мен иммунитет тапшы синдромдар туындатады. 
Т-лимфоциттердің тінге жайылу дәрежесіне қарай, 
лимфоциттері аз, орташа 
лимфоцитті 
және
 лимфоциттері мол 
ісіктер түрі ажыратылады. 
Морфологиялық
тұрғыдан, тимоманың 4 түрі бар (Muller-Hermelink H.,1986). 
Кортикал-жасушалы тимома
қыртыстық қабаттың эпителийінен, тимустық 
жасушалардан, жұмыр ядросы ашық түсті полигональді ірі жасушалардан 
түзіледі. Ісік көбіне қатерлі (114-сурет).
114-сурет. Лимфоциттері аз қатерлі кортикал-жасушалы тимома. 
Медулла-жасушалы тимома 
милық
 
қабаттың эпителийінен туындап, ядросы 
сопақ, қоңыр түсті ұзынша келген жасушалар түзген ұяшықтар мен 
жолақтардан қалыптасады (
ұршық-жасушалы тимома
). Ісік қатерсіз. 
Аралас жасушалы тимоманың
құрамында алдыңғы екі тимоманың да 
морфологиялық нышандары болады
.
Гранулемалы тимомадағы 
ісіктік жасушаларға лимфогранулематозға тән 
Березовский-Штернберг жасушаларына ұқсайтын көпядролы атипиялы 
эпителийлік жасушалар араласады. Егер айыршық бездің қатерлі ісігі атипиялы 
жайпақ немесе бездік эпителийден құрылса, оны 
айыршық бездің жайпақ 
жасушалы карциномасы 
немесе
 аденокарциномасы 
деп атайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет