Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет252/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   832
Байланысты:
струков патан

Қ
АТЕРСІЗ ІСІКТЕР
 
Мезенхималық қатерсіз ісіктер алуан түрлі (9-кестені қара). 
Фиброма
– фиброздық тіннен дамитын ісік. Ол – толысқан дәнекер тіннен 
құрылған түйін; оның құрамындағы талшық будалары ретсіз жайғасып, қан 
тамырлары біркелкі қамтымай орналасады 
(116-
сурет
)
. Фиброманың құрамында 
жасушалардан гөрі коллаген талшықтары көбірек – 
қатты 
және 
фибробластылар мен фиброцит типті жасушалар өте көп, дәнекер тіннен 
түзілген 
жұмсақ
түрлері болады. 
116-сурет. Фиброма. 
Дамитын орны әр алуан болғанымен, ол теріде, жатырда (бұлшықетінің 
пролиферациясымен қосарланып), емшек безінде және басқа мүшелерде жиі 
кездеседі. Фиброма терімен кейде сабақ арқылы жалғасады. Бас сүйегінің 
астыңғы жағында, жұлын өзегі мен көз ұясында дамыған фиброма мүшелердің 
қызметін қатты зақымдауы мүмкін.
Десмоид 
– көбіне іштің алдыңғы қабырғасында дамитын, құрамы қатты 
фибромаға ұқсайтын, біразынан инфильтрациялы өсуге бейімділік байқалатын, 
фиброманың ерекше түрі. Ол кейде алып тастағаннан кейін қайталанады; 
негізінен әйелдерде кездеседі және жүкті кезде ұлғаяды. 
Дерматофиброма
(
гистиоцитома
) – кесіндісі сары немесе қоңыр түсті 
кішіректеу түйін; аяқтың терісінде жиірек кездеседі. Ол құрамына 
фибробластылар, гистиоцит-макрофагтар мен фиброциттер кіретін жүйелі 
ырғақтала жайғасқан дәнекер тінмен арасы жіктелген көптеген капиллярлардан 
түзіледі; оған цитоплазмасы липидті, гемосидеринді, көпядролы алып 
жасушалар тән (
Тутон
жасушалары
). 


Нуржігіт Алтынбеков 
219
Липома
 
– майлы тіннің ісігі; көлемі мен бітімі әртүрлі майлы бөлікшелер бір 
немесе бірнеше түйін құрайды. Ол майлы тін бар жерлердің барлығында да 
кездеседі. Кейде липома айқын шектелмей, бұлшықеттің арасына 
инфильтрациялы өсіп, оны қысып, семдіреді (
бұлшықетішілік, 
яғни
 
инфильтрациялы липома
). 
Гибернома
– қоңыр майға ұқсайтын сирек ісік. Оның түйіндері 
цитоплазмасына май вакуольдерінің түйіршіктері немесе көпіршіктері 
жиналған, бітімі жұмыр немесе полигональді жасушалардың (мультилокулалық 
майлы жасушалар) ұяшықтары мен бөлікшелерінен түзіледі. 
Лейомиома
– ретсіз жайғасқан біріңғай салалы бұлшықет талшықтарының 
будаларынан құралған ісік. Оның стромасын құрамына қан және лимфалық 
тамырлар кіретін дәнекер тін жолақтары қалыптастырады. Ісіктің стромасы 
басым болса, 
фибромиома
деп аталады. Леймиоманың көлемі, әсіресе жатырда 
өте үлкен болуы мүмкін 
(117-
сурет
)
; біразында салдарлық өзгерістер – некроз, 
киста, гиалиноз байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет