Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


Лимфогранулематоз (Ходжкин ауруы)



Pdf көрінісі
бет299/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   832
Байланысты:
струков патан

Лимфогранулематоз (Ходжкин ауруы)
— көбінесе лимфалық түйіндерді 
қамтып, созылмалы әрі қайталамалы дамып, кейде жедел де өрістейтін ісіктік 
ауру. 
Морфологиялық
тұрғыдан, 
лимфогранулематоздың 
дербес 
ошақты 
(изоляциялы) және жалпы жайылған (генерализациялы) нысандары болады. 
Дербес (локальді) лимфогранулематоз
жалғыз-ақ лимфалық түйіндер тобын 
қамтиды. Көбінесе мойынның, көкірек қуысының, іш пердесінің сыртқы 
жағының, анда-санда қолтық астының немесе шаптың ғана лимфалық түйіндері 
ұлғайып, бірігіп кетеді. Алғашқы кезде олардың тіні көмескілеу, жұмсақ, 
шырынды, боз немесе бозғылт қызылдау. Кейін түйіндер қатайып, құрғап, 


Нуржігіт Алтынбеков 
255
некрозды және склерозды ошақтар пайда болады. Ісіктің алғашқы түйіні 
лимфалық түйінде қалыптаспай, талақта, бауырда, өкпеде, асқазанда немесе 
теріде дамуы да мүмкін.
Жалпы жайылған 
(
генерализациялы

лимфогранулематоз 
кезінде ісік бір 
жерден басталып, кейін одан жырақ, басқа да жерлерді жайлайды. Әдетте, 
талақ
ұлғаяды. Оның қызыл реңді пульпасында ақшыл сары түсті некрозды, 
склерозды ошақтар пайда болып, мүшеге «порфир мәрмәріне» ұқсас, тарғыл 
рең береді («
порфир талақ»
). 
Микробейнесі.
Ісіктің алғашқы ошақтары (әдетте, лимфалық түйіндер) мен 
метастаздарында лимфоциттер, гистиоциттер, ретикулалық жасушалар көбейіп, 
оларға алып жасушалар, эозинофилдер, плазмациттер мен нейтрофилді 
лейкоциттер араласады. Полиморф-жасушалы элементтер көбейіп, 
түйіндер 
түзеді
, склерозды, некрозды (кейде казеозды) ошақтар қалыптасады (139-
cурет). Лимфогранулематозға тән нышан — 
атипиялы жасушалар
. Ол 
жасушалардың мынадай түрлері бар: 1) Ходжкиннің кіші жасушалары 
(лимфобласт тәрізді); 2) жалғызядролы алып жасушалар, яғни Ходжкиннің ірі 
жасушалары; 3) Рид—Березовский—Штернбергтің көпядролы жасушалары 
(әдетте, олар алып көлемді). Бұл жасушалар лимфоциттерден немесе 
макрофагтардан өнетін сияқты; өйткені құрамында макрофагтарға тән қышқыл 
фосфатаза мен бейспецификалық эстераза болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет