Нуржігіт Алтынбеков
256
Аралас жасушалы вариант
аурудың жалпы жайылғанын көрсетіп, ІІ—ІІІ
кезеңдеріне сәйкес келеді. Микроскоппен зерттегенде жетілу дәрежесі әртүрлі
лимфалық элементтер мен Ходжин жасушалары және Рид—Березовский—
Штернбергтің
алып жасушаларының көбейгені, лимфоциттер, эозинофилдер,
плазмациттер, нейтрофилді лейкоциттер шоғырланып, некрозды,
фиброзды
ошақтар пайда болғаны байқалады.
Лимфалық тін ығысқан вариант
аурудың ауыр ағымдылығын және жалпы
жайылғанын бейнелейді. Бірде лимфалық тінді біркелкі жайлап көбейген
дәнекер тін мен оған шамалап араласқан атипиялы жасушалар ығыстырса, енді
бірде, лимфалық тінді құрамында Ходжкин жасушалары мен Рид—
Березовский—Штернбергтің алып жасушалары
басым атипиялы жасушалар
шоғыры ығыстырады; склероз дамымайды. Егер лимфалық тінді өте атипиялы
жасушалар жайлап кетсе, ондай вариант
Ходжкин саркомасы
деп аталады.
Сөйтіп, лимфогранулематоздың даму барысында оның морфологиялық
бейнесі де біртіндеп өзгеріп, лимфалық тін басым вариант аралас жасушалыға,
ал ол лимфалық тін ығысқан вариантқа ауысып, үш варианттың әрқайсысы бірі
екіншісіне ұласып отырады. Сондықтан лимфогранулематоздың әр клиника-
морфологиялық вариантын оның даму кезеңдері деп те пайымдауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: