Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


Моноцит текті созылмалы лейкоздар



Pdf көрінісі
бет296/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   832
Байланысты:
струков патан

Моноцит текті созылмалы лейкоздар 
Лейкоздың бұл тобына созылмалы моноцитті лейкоз бен гистиоцитоздар 
жатады. 
Созылмалы моноцитті лейкоз
, әдетте егде тартқан адамдарда дамып, ұзақ 
әрі қатерсіз ағымды болады. Кейде талақ ұлғайғанымен, сүйек кемігінің қан 
жасауы өзгере қоймайды. Дегенмен, көбінесе сүйек кемігінде бластылық 
жасушалар көбейіп, олар қан мен ішкі мүшелерде де болады; бластылық криз 
дамиды. 
Гистиоцитоздар (X-гистиоцитоздар)
қан жасайтын тіннен туындайтын, 
лимфоцитті пролиферациялық өтпелі (аралық) сырқаттар тобын қамтиды. Бұл 
топқа эозинофилді гранулема, Леттерер—Зиве және Хенд—Шюллер—Крисчен 
аурулары жатады. 
ЛИМФОМАЛАР — ҚАНЖАСАМ ЖӘНЕ ЛИМФАЛЫҚ ТІННІҢ 
АЙМАҚТЫҚ ІСІКТІ АУРУЛАРЫ 
Бұл топқа лимфосаркома, саңырауқұлақ тәрізді микоз, Сезари ауруы, 
ретикулосаркома және лимфогранулематоз (Ходжкин ауруы) кіреді. 
Даму тегіне карай, лимфомалар В-жасушалы немесе Т-жасушалы болады. 
Люкез бен Коллинз ұсынған классификация осыған негізделген. Аталған 


Нуржігіт Алтынбеков 
253
классификация бойынша, В-жасушалы лимфомалар ұсақ-жасушалы (В), 
центрцитті, иммунбластты (В), плазма-лимфоцитті деп жіктелсе, Т-жасушалы 
лимфомалар тобына ұсақ-жасушалы (Т), ядросы ширатылған лимфоциттерден 
өрбіген, иммунбласты (Т) лимфомалар және саңырауқұлақ тәрізді микоз бен 
Сезари ауруы жатады. Кейбір лимфомаларды белгілі бір топқа жатқызу қиын 
(классификацияланбайтын лимфомалар тобы). Бұл классификациядан ұсақ-
жасушалы және иммунбластты лимфомалар В-жасушалардан да, Т-
жасушалардан да өнетінін айқын аңғаруға болады. Ал, центрцитті лимфомалар 
болса, тек В-жасушалардан ғана туындап, ядросы ширатылған лимфоциттерден 
өнетін лимфомалар, саңырауқұлақ тәрізді микоз бен Сезари ауруы тек қана Т-
жасушалардан дамиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет