Нуржігіт Алтынбеков
271
Липидозға
дейінгі
сатыда
жалпы
метаболизм
бұзылып,
гиперхолестеринемия, гиперлипидемия дамиды; қан плазмасына ірі
дисперсиялы белоктар мен мукоидты заттар жиналады, гиалуронидазаның әсері
жанданады, т.б. басқа да үдерістер орын алады. Соның салдарынан жаңа
өнімдер пайда болып, интиманы «жарақаттайды». Сөйтіп, интимада мына
үдерістер орын алады: 1) эндотелий мен интималық мембрананың өткізгіштігі
артып, қан тамырының ішкі қабатына плазмалық белоктар мен фибриноген
(фибрин) жиналып, қабырғасында жайпақ тромбылар түзіледі; 2) қышқыл
глюкозамингликандар жиналып, қан тамырының ішкі қабаты мукоидты ісініп,
тығыздығы өте төмен липопротеидтер мен төмен липопротеидтер және
холестерин мен белоктар шөгіп, олардың интимаға бекуіне қолайлы жағдай
туады (145-сурет); 3) интиманың эндотелийі мен базал мембранасы, эластикалы
және коллагендік талшықтары ыдырап, өткізгіштігі артады, өзгерген
заталмасулық үдерістерден туындаған өнімдер сіңіп, бірыңғай салалы
бұлшықет жасушалары көбейеді.
Достарыңызбен бөлісу: