Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет318/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   832
Байланысты:
струков патан

Микроскопиялық тәсіл
атеросклерозға тән өзгерістердің сипаты мен даму 
барысын дәлірек түсінуге мүмкіндік береді. Осы тәсілдің деректеріне сүйене 
отырып, атеросклероздың морфогенезі (144-суретті қара): 1) липидозға дейінгі; 
2) липидті (-озды); 3) липосклерозды; 4) атеромалы; 5) ойық жаралы және 6) 
атерокальцинозды деп аталатын сатыларға жіктелетін болды. 


Нуржігіт Алтынбеков 
270
144-сурет. Атеросклероздың морфогенездік кезеңдері:
а — қалыпты артерия; б — липоидоз; в — 
липосклероз; г — атероматоз; д — атерокальциноз, артерияның саңылауы тарылған.
 


Нуржігіт Алтынбеков 
271
Липидозға 
дейінгі 
сатыда
жалпы 
метаболизм 
бұзылып,
гиперхолестеринемия, гиперлипидемия дамиды; қан плазмасына ірі 
дисперсиялы белоктар мен мукоидты заттар жиналады, гиалуронидазаның әсері 
жанданады, т.б. басқа да үдерістер орын алады. Соның салдарынан жаңа 
өнімдер пайда болып, интиманы «жарақаттайды». Сөйтіп, интимада мына 
үдерістер орын алады: 1) эндотелий мен интималық мембрананың өткізгіштігі 
артып, қан тамырының ішкі қабатына плазмалық белоктар мен фибриноген 
(фибрин) жиналып, қабырғасында жайпақ тромбылар түзіледі; 2) қышқыл 
глюкозамингликандар жиналып, қан тамырының ішкі қабаты мукоидты ісініп, 
тығыздығы өте төмен липопротеидтер мен төмен липопротеидтер және 
холестерин мен белоктар шөгіп, олардың интимаға бекуіне қолайлы жағдай 
туады (145-сурет); 3) интиманың эндотелийі мен базал мембранасы, эластикалы 
және коллагендік талшықтары ыдырап, өткізгіштігі артады, өзгерген 
заталмасулық үдерістерден туындаған өнімдер сіңіп, бірыңғай салалы 
бұлшықет жасушалары көбейеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет