перденің артқы бөлігінде инфаркт сиректеу. Бұл жерлер
сол жақ тәждік артерияның айналып өтетін тарамынан нәр алады. Егер
атеросклероздан
сол жақ тәждік артерияның негізгі сабағы мен
екі бірдей тарамы да тарылса ,
миокардта ауқымды инфаркт дамиды. Оң жақ қарынша
мен жүрекшелерде
инфаркт сирек байқалады.
Инфарктінің топографиясы мен көлемі белгілі бір артерияның зақымдалу дәрежесіне
ғана емес, жүректің
қанмен қамтамасыз етілу ерекшелігіне (типіне) де байланысты
(сол жақтық, оң жақтық тип және ортаңғы типтер). Атеросклероз, әдетте жақсырақ
қалыптасқан әрі күш көбірек түсетін артерияларды зақымдайтыны белгілі. Сол себепті
миокард инфарктісі да көбіне сол жақтық немесе оң жақтық типте өрістейді. Жүректің
қанмен қамтамасыз етілуінде осындай ерекшеліктер болатынын ескерсек, сол жақ
тәждік артерияның құлдырама тарамында тромб түзілген кезде инфарктілер неліктен
жүректің әр жерінде (сол қарыншаның алдыңғы немесе артқы қабырғасында,
қарыншааралық перденің алдыңғы немесе артқы бөлімінде) қалыптасатыны да
түсінікті.
Инфарктінің көлемі тәждік артериялардың
атеросклероздан тарылу (стеноз) мөлшеріне(159-сурет),
айналма жолдар (коллатеральдар) арқылы қанмен қамтамасыз етілу мүмкіндігіне , артерияның негізгі сабағының қай жері (тромб,
эмбол) бітелгеніне және
миокардтқа қаншалықты күш түскеніне байланысты.
Гипертония ауруының салдарынан бұлшықетті қабаты қалыңдаған жүректе
дамыған инфарктінің көлемі көбіне үлкен болып, тромбымен бітелген артерия
қоректендіретін атраптан ауқымдылау келеді.