161-сурет. Миокард инфарктісі. Жыртылған жүрек
(нұсқалған).
162-сурет. Жүректің инфаркт дамыған жері жыртылып, перикард қанмен тығындалған (тампонада). Некроз ауқымды болса (158-суретті қара), ол жер сыртқа қарай бұлтиып,
жедел аневризмаға айналады. Аневризманың ішіне тромбылар түзіледі,
эндокардының кейбір жерлері сетінейді. Сетінеген жерлер арқылы қан кетіп,
миокардты эндокардтан ажыратып, некроз жайлаған жерлерді жыртып та
жібереді. Сөйтіп,
жүрек жарылып ,
гемоперикард дамиды.
Қабырғалық тромбылар субэндокардтық және трансмурал инфарктіге тән;
олар тромбылы эмболия синдромымен асқынуы мүмкін.
Перикардит , әдетте
фибринді, көбіне субэпикардтық және трансмурал инфарктінің салдары ретінде
дамиды.
Миокард инфарктісіне шалдыққандардың
өлімі инфарктінің өзінен немесе
оның әртүрлі зардаптарынан болады. Өлімнің тікелей себептері мынадай:
жүрек қарыншаларының фибрилляциясы, асистолия, кардиогендік шок, жүрек қызметінің жедел жеткіліксіздігі . Даму барысында өлім қаупін туғызатын, бұл
аурудың бірқатар басқа да асқыну зардаптары бар:
жүректің өзі немесе
жедел аневризмасы жыртылып , үлпершекке қан құйылуы; жүректегі инфаркт аймағы
мен жедел аневризмада немесе жүректің құлақшасында түзілген тромбыдан
тромбылы эмболия синдромы өрістеп, мысалы, мидың қан тамырлары
тромбылық эмболмен бітеліп қалуы да мүмкін.
КАРДИОСКЛЕРОЗ Кардиосклероз —
жүректің
созылмалы
ишемиялық
ауруының
морфологиялық негізі; оның атеросклероздан дамыған диффузды ұсақошақты
түрі және инфарктіден туындаған (постинфарктілік) іріошақты түрі болады.
Іріошақты кардиосклероз кейде жүректің созылмалы аневризмасына ұласады.