Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет331/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   832
Байланысты:
струков патан

Этиологиясы мен патогенезі.
Миокард инфарктісінің 
тікелей әсерлі 
себептері

жүрек
артерияларының спазмы

олардың қабырғасында 
тромбылардың
түзілуі
; саңылауында 
тромбылық
эмболдардың
пайда болуы

осы артериялар 
атеросклероздан
тарылып

миокардқа оны зорықтыратындай 
күштің түсуі
. Дегенмен, бұлар жүрек бұлшықетінде некроз бен оның 
зардаптарын дамытатын 
жергілікті
ғана 
себептер
. Жүректің ишемиялық 
ауруының атеросклероз және гипертония ауруымен тығыз байланыстылығын 
ескерсек, оның этиологиясы аталған себептермен шектеліп қана қоймайтыны 
түсінікті. Атеросклероз бен гипертония ауруын өрістететін этиологиялық 
факторлардың барлығы, әсіресе 
психикалық-эмоциялық зорығу
, жүректің 
ишемиялық ауруының дамуына да себеп болады. Сондықтан атеросклероз бен 
гипертония ауруы және жүректің ишемиялық ауруы «үзеңгілесе» дамиды. 


Нуржігіт Алтынбеков 
281
Атеросклероз миокард инфарктісінің бірен-саранында ғана жүрек артерияларын 
зақымдамайды. 
Ишемиялық аурудың, атеросклероздың және гипертония ауруының 
патогенездік факторлары
ортақ. Олардың ішінде ең маңыздылары: 1) 
гиперлипидемия, 2) артериялық гипертензия; 3) дененің артық массасы 
(семіздік); 4) дене қимылының аздығы; 5) темекі шегу; 6) көмірсуларға 
толеранттылықтың өзгеруі (мысалы, қантты сусамыр); 7) несеп қышқылды 
диатез; 8) генетикалық бейімділік; 9) еркек жыныстылық. 
Аталған патогенездік факторларды эпидемиологтар ишемиялық ауруды 
туындататын қ
ауіпті факторлар
деп атап, олардың әсерлілігін елдегі 
тұрғындардың белгілі бір тобында (әдетте, 1000 ер адам алынады) белгіленген 
мерзім ішінде (әдетте, 10 жыл) жүректің ишемиялық ауруының басты бейнесі 
— миокард инфарктісін дамыту көрсеткіші арқылы бағалайды. Бұл тұрғыдан, 
гиперлипидемияның жеке өзінің инфаркт дамытатын «болжамдық» құны 21% 
болса, гиперлипидемия, артериялық гипертензия, темекі шегу, семіздік сияқты 
4 қауіпті фактор қосарланып, 10 жыл бойы әсер еткен кісілердің жарымына 
жуығында, — 44%-ында, жүректің ишемиялық ауруын дамытатыны 
анықталған. 
Гиперлипидемия
. Патогенездік фактор ретінде ол ишемиялық аурудың 
морфологиялық негізі — жүрек артерияларының атеросклерозға шалдығуына 
әсер етіп қана қоймайды, сондай-ақ жүректің тәждік артерияларында тромбоз 
үдерісін өрістетеді. Әдетте, тромбоздан бұрынырақ липидоз толқыны байқалып, 
онымен сабақтас атеросклероздық криз көрініс береді. Жүректің ишемиялық 
ауруының даму барысына қантты сусамырға тән гиперлипидемияның да әсері 
болатыны түсінікті жайт. 
Артериялық гипертония
миокард инфарктісінің дамуына біртекті әсер 
етпейді. Ол атеросклероздың жалпы ағымын, сондай-ақ жүрек артерияларының 
атеросклерозын өршіте түседі, миокардқа күш түсіреді, плазма және қан кету 
үдерістеріне, тромбылы эмболияға қолайлы жағдай туғызады. 
Семіздік 
пен
дене қимылының аздығы
заталмасулық үдерістің жалпы және 
жергілікті бұзылуына жағдай жасаса, темекі шегу миокард инфарктісі мен оның 
зардаптары үшін қолайлы вазомоторлық өзгерістерге түрткі болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет