Нуржігіт Алтынбеков
285
тектес жұмсақ. Жетіле келе, ол
жуан талшықты, тығыз тыртыққа айналады;
зақымдалмаған тамырлардың төңірегінде ұлғайып,
жуандаған бұлшықет
«ұялары» байқалады. Фибринді перикардиттің салдарынан үлпершек қуысында
бірікпелер түзіледі. Ол бірікпелерде қалыптасқан жас қан тамырлары жүректен
тысқары жайғасқан тамырлармен ұштасып, қан ағысына коллатераль ашады да,
миокардтың қанмен қамтамасыз етілуін жақсартады. Ақырында инфаркт ошағы
беріштеніп, оның орнын тығыз тыртық басып,
постинфарктілік іріошақты
кардиосклероз
дамиды.
Зақымдалмаған, әсіресе тыртықтың төңірегіндегі
миокардта регенерациялық гипертрофия өрістейді.
Инфаркт мынадай үдерістермен
асқынады
: кардиогендік шок, жүрек
қарыншаларының
фибрилляциясы, асистолия, жүрек қызметінің жедел
жеткіліксіздігі, миомаляция, жедел аневризма, жүректің жарылуы (жыртылуы),
қабырғалық тромбоз және перикардит.
Миомаляция
— миокардтағы
өлі жерлердің жидіп, ыдырауы. Ол аутолиз
басым болғанда байқалады. Жүректің миомаляцияға ұшыраған жері
жарылады;
161-сурет), үлпершек қуысына қан құйылады (гемоперикард; үлпершек
қуысының қанмен тығындалуы – тампонада; 162-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: