Нуржігіт Алтынбеков
302
дәнекер тін ыдырайды. Алдымен ұсақ буындардың, кейін ірі, көбіне тізе
буынының сиқы бұзылдаы (деформация). Алғашқы кезде буындардың
төңірегіндегі тіндер мукоидты ісіп, артериолит пен артериит дамиды. Бара-бара
фибриноидты некроз өрістеп, ол жерлерді фибриноидты некроздық өлексені
сіңіріп, ыдырата алатын ірі гистиоциттер, макрофагтар мен алып жасушалар
қоршап алады. Ақырында дәнекер тіні ыдыраған жерді қалың іргелі қан
тамырлары мен жетілген талшықты дәнекер тін жайлайды. Ауру қайта асқынса,
склероздық ошақтарда әлгі өзгерістер жаңадан өрістейді. Жоғарыда
сипатталған фибриноидты некроздық ошақтар
Достарыңызбен бөлісу: