173-сурет. Ревматоидтық артрит синовиті . Бүрлердің қалың қабатындағы лимфоидты фолликулдар.
174-сурет. Ревматоидтық артрит . Буынның шеміршегіне (б) «жайылған» грануляциялық тін (а).
Ревматоидтық синовиттің
үшінші кезеңі кейде 20—30 жылдай дамып,
фиброзды-сүйекті анкилозбен аяқталады. Буындардың қуыстарынан әртүрлі
жетілу фазасындағы грануляциялық тін мен фибриноидты заттарды көруге
болады. Бұл деректер ауру қанша ұзаққа созылса да, оның қай кезеңінде болса
да, үдеріс қарқынынан таймай үздіксіз өршуде болатынын, науқасты сол
себепті ауыр мүгедектікке ұшырататынын көрсетеді.
Ревматоидтық артриттің висцералдық бейнесі онша айқын емес. Әдетте,
сірі қабықшалардың, жүректің, өкпенің, иммункомпетентті жүйе мен басқа да
мүшелердің дәнекер тіні және микроциркуляциялық арнасы зақымдалады.
Васкулит, полисерозит ,
гломерулонефрит ,
пиелонефрит ,
бүйрек амилоидозы бірсыдырғы жиі байқалады. Миокард пен өкпеде
ревматоидтық түйіндер мен
склероздық ошақтар сирек те болса, кездесіп қалады.
Иммункомпетенті жүйе де өзгереді : лимфалық түйіндер мен талақ ұлғайып,
сүйектің кемігі мен лимфалық тінде плазмалы жасушалар көбейеді. Бұл
аурудың барысында плазмалы жасушалардың көбею мөлшері қабыну үдерісінің
даму қарқынына сәйкес болатынын ескерген жөн.
Асқыну зардаптары . Буын орнынан таяды немесе шығады, ондағы қимыл
шектеледі, фиброзды және сүйекті анкилоз, остеопороз дамиды. Ревматоидтық
артриттің ең ауыр әрі ең жиі байқалатын зардабы —
нефропатиялық амилоидоз .
Ревматоидтық
артритпен
сырқаттардың
өлімінің себебі көбінесе
амилоидоздың салдарынан дамыған бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі немесе
пневмония, туберкулез сияқты қосалқы аурулар.