Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет361/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   357   358   359   360   361   362   363   364   ...   832
Байланысты:
струков патан

синовийлік қабықшаларда
түзіліп, синовийлік 
сұйықтыққа, синовиоциттерге, буындағы басқа да жасушаларға жиналады. 
Сондай-ақ лимфалық түйіндерде де түзіліп, қанайналымындағы иммундық 
кешендердің ревматоидтық факторына айналады. Буындағы тіндердің едәуірін 
синовийлік қабықшаның
өзінде түзілетін, әрі негізгі құрамы IgG болып 
табылатын ревматоидтық фактор зақымдайды. Ол антигендік иммундық 
глобулиннің Fc-бөлігімен қосылып, иммундық кешен түзіп, комплемент пен 
нейтрофилдердің 
хемотаксисін 
жандандырады. 
Иммундық 
кешендер 
моноциттермен, 
макрофагтармен 
әрекеттесіп, 
простагландиндер 
мен 
интерлейкин І-дің синтезін үдетеді. Олардың әсерінен синовийлік қабықшадағы 
жасушалар коллагеназаны көп түзеді де, буынның тіндері одан әрі зақымдала 
түседі. 
Қанайналымындағы
ревматоидтық факторлы
иммундық кешендер қан 
тамырларының базал мембраналарына, жасушалар мен тіндерге шөгіп, 
жанданған комплементті олармен жалғастырып бекітеді, сөйтіп қабыну 
үдерісіне түрткі болады. Бұл үдеріс негізінен микроциркуляциялық тамырларды 
қамтиды (
васкулит

. Ревматоидтық артриттің дамуына осы сипатталған 
гуморальдық иммундық жауаппен қатар, 
гиперсезімталдықтың баяу типінің
де 
қатысы бар. Оның морфологиялық бейнесі синовийлік қабықшалардан айқын 
байқалады. 
Патологиялық анатомиясы.
Бұл ауру буындарды және басқа мүшелердің 
дәнекер тінін зақымдайды. Әдетте, симметриялы түрде қол мен аяқтың 
басындағы ұсақ буындар төңірегіндегі және олардың қабықшаларындағы 


Нуржігіт Алтынбеков 
302
дәнекер тін ыдырайды. Алдымен ұсақ буындардың, кейін ірі, көбіне тізе 
буынының сиқы бұзылдаы (деформация). Алғашқы кезде буындардың 
төңірегіндегі тіндер мукоидты ісіп, артериолит пен артериит дамиды. Бара-бара 
фибриноидты некроз өрістеп, ол жерлерді фибриноидты некроздық өлексені 
сіңіріп, ыдырата алатын ірі гистиоциттер, макрофагтар мен алып жасушалар 
қоршап алады. Ақырында дәнекер тіні ыдыраған жерді қалың іргелі қан 
тамырлары мен жетілген талшықты дәнекер тін жайлайды. Ауру қайта асқынса, 
склероздық ошақтарда әлгі өзгерістер жаңадан өрістейді. Жоғарыда 
сипатталған фибриноидты некроздық ошақтар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   357   358   359   360   361   362   363   364   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет