Нуржігіт Алтынбеков
315
Олардың
өкпеде дамитын
тобы лейкоциттердің фибринді дұрыс еріте
алмауынан.
Ішіндегі
фибринді
лейкоциттер
еріте
алмағандықтан,
альвеолаларды
грануляциялық тін жайлап, ол жетіле келе талшықты дәнекер
тінге айналып, беріштенеді
өкпе ауасыз, етті тығыз тінге айналады. Бұл үдеріс
карнификация
(еттену) деп аталады (латынша:
carno
— ет). Ал, нейтрофилдер
тым
жанданып кетсе, онда өкпеде
абсцесс
немесе
гангрена
дамиды. Фибринді
плеврит іріңдеп,
плевралық эмпиемаға
ұласады.
Өкпеден
басқа мүшелерді
қамтыған асқыну үдерістері
инфекция жалпы
жайылған жағдайда орын алады. Егер инфекция лимфалық жолмен жайылса,
онда
іріңді медиастенит
пен
перикардит
, ал
гематогендік жолмен өрістесе,
перитонит
, мида
іріңді
метастаздар
мен
менингит
, жүректің көбінесе оң жақ
бөлімінде
жедел
ойық
жаралы
немесе
полипті
-
ойық
жаралы
эндокардит
дамиды, сондай-ақ,
іріңді
артрит
сияқты үдерістер де өрбиді.
Фридлендер таяқшасы
дамытқан плеврапневмонияның (Фридлендер
пневмониясы) біраз ерекшеліктері бар. Ол көбінесе өкпенің жоғарғы бөлімінің
бір бөлігін ғана зақымдайды. Экссудаттың құрамына фибрин мен жабысқақ әрі
созылғыш шырыш және өлі лейкоциттер кіреді. Қабынған жерлердің біразында
некрозды
ошақтар
пайда болып,
кейін олардың орнында
іріңдіктер
қалыптасады.
Қазіргі қолданылып жүрген емнің әсерінен крупті пневмонияның клиникалық
және морфологиялық бейнесі өте өзгерді. Сондықтан да,
бұл ауруды
индукциялық (емнен болған)
патоморфозға
ұшырады деуге әбден болады.
Антибиотиктердің, химиялық препараттардың әсерінен крупті пневмонияның
ағымы өзгеріп, оның өкпе мен басқа да мүшелерде дамитын зардаптары сиреді.
Крупті пневмониямен сырқаттанғандар жүрек
қызметі жеткіліксіздігінен
(әсіресе қарттар мен созылмалы алкоголизммен науқастар) немесе оның басқа
зардаптарынан (ми абсцесі, менингит, т.б.)
Достарыңызбен бөлісу: