Нуржігіт Алтынбеков
317
Бронхпневмонияның
морфологиялық ерекшеліктері
инфекциялық агенттің
түріне
байланысты.
Клиникалық тұрғыдан, ең маңызды түрлері —
стафилококк, стрептококк, пневмококк, вирустар мен саңырауқұлақтар
дамытқан ошақты пневмониялар. Стафилококтық бронхпневмония, әдетте
сарғыш (золотистый) стафилококтың әсерінен дамып,
көбіне вирустық
инфекцияларға қосарланады. Ол ауыр әсерлі, IX және X сегменттер қабынып,
некрозды
ошақтар
мен
іріңдіктер
пайда болады. Ірің бронхылар арқылы
шығарылып, іріңдіктердің орнында ірілі-ұсақты кисталар қалады. Некрозды
ошақтардың айналасын ұйымалы-геморрагиялы қабыну шарпиды.
Стрептококтық
бронхпневмонияны
гемолиздік стрептококк пен вирус
қосылып қоздырады. Ол жедел ағымды. Өкпе ұлғайып, кесіндісінің бетінен
қанды сұйықтық ағады. Түрлі көлемді бронхылардың
қабырғасын негізінен
лейкоциттер жайлайды; кейде некроз дамып, абсцестер мен бронхэктаздар
қалыптасады. Өкпе мен плевраның лимфалық тамырлары да қабынады.
Пневмококтық
бронхпневмония
ошақтарында бронхиолалар зақымдалады,
нейтрофилді экссудат жиналып, оның құрамында фибрин болады.
Пневмониялық ошақтың жиегі су сіңіп ісініп, микробтар шоғырланады.
Өкпенің кесіндісі тарғыл тартады.
Саңырауқұлақтық бронхпневмонияны
(пневмомикоздық) әртүрлі,
көбінесе
Саndida
түрлес саңырауқұлақтар
дамытады. Өкпе қабынып, түрлі көлемді, қаттылау, бозғылт қызылдау
(бөлікшелік, біріккен) ошақтар қалыптасады. Олардың жидіп, ыдыраған
орталық аймағында саңырауқұлақтың жіпшелері болады.
Вирустық бронхпневмонияны
РНҚ-лы немесе ДНҚ-лы вирустар дамытады.
Вирустар тынысалу жолдарының эпителийіне өтеді.
РНҚ-лы вирустар
цитоплазмада топтасып, базофилді қосымшалар түзіп, жасушаны зақымдайды.
Жасушалар сыдырылады және көбейе келе шоғырланып, алып жасушалар
қалыптастырады. Ал ДНҚ-лы вирустар жасушаның ядросына енеді; жасушалар
сыдырылғанымен, жаңармайды. Кілегейлі қабықшадан алынған жұғынды
препараттан сыдырылған жасушалар табылып, олардың ішінде жаңа
қосымшалар болса, оның диагноз қоюға үлкен септігі бар.
Вирус эпителийлік
бөгенді зақымдайды, сондықтан вирустық пневмонияға көбінесе бактериялық
инфекция қосарланады. Вирустың жеке өзінің әсерінен пневмония сирек
дамиды. Вирустық пнөвмония көбіне гриппен, парагриппен, аденовирустық
инфекциямен, цитомегалиямен,
жел шешекпен, қызылшамен ауырғандарда
байқалады («
Балалық шақ аурулары
» мен «
Инфекциялық ауруларды
»
қара
).
Бронхпневмонияның
Достарыңызбен бөлісу: