Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет407/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   403   404   405   406   407   408   409   410   ...   832
Байланысты:
струков патан

Өңеш аурулары 
Өңештің аурулары
көп емес. Өңеште дивертикул (буылтық), қабыну үдерісі 
(эзофагит) және ісік (карцинома) жиірек дамиды. 
Өңеш дивертикулы 
— өңештің қабырғасының бұлтиюы. Дивертикулдың 
қабырғасы өңештің барлық қабатынан (
шынайы дивертикул
), кілегейлі және 
кілегейасты қабаттарынан немесе бұлшықетті қабаттан ғана (
бұлшықеттік 
дивертикул

қалыптасуы мүмкін. 
Даму орны
мен 
топографиясына
қарай,
дивертикулдар фаринг-эзофагтық, бифуркациялық, эпифреналдық және көп 
дивертикулды деп жіктеледі. Дивертикулдың 
даму тегі
әртүрлі. Кеуде қуысы 
қабынғанда бірікпелік дивертикул қалыптасса, өңеш іргесінің босаң жерінде 
релаксациялық дивертикул пайда болады. Кейде дивертикул асқынып, оның 
кілегейлі қабаты қабынады, бұл үдеріс 
дивертикулит
деп аталады. 
Өңеш пен жұтқыншақтың дәнекер тіні мен бұлшықетті қабаты құрсақта 
толық жетілмесе, 
тума
дивертикул дамиды. Ал өңеш қабынып, шорланса 
немесе тыртық басып, саңылауы тарылса, іргесіне ішінен әсер ететін қысым 
артса, дивертикулдың 
жүре болған 
деп аталатын нысаны қалыптасуы мүмкін. 


Нуржігіт Алтынбеков 
336
Эзофагит
— өңештің кілегейлі қабатының қабынуы. Ол көбіне басқа 
аурулардың салдары ретінде дамып, анда-санда ғана біріншілік, яғни дербес 
ауру болады. Эзофагит жедел және созылмалы ағымды. 
Жедел эзофагит
ыстық немесе суықтың, химиялық және физикалық 
факторлардың әсерінен, жұқпалы аурулардан (дифтерия, скарлатина, сүзек) 
және аллергиялық жауап ретінде дамиды. Оның 
катарлы, фибринді, 
флеглоналы, ойық жаралы және гангреналы нысандары
бар. 
Жедел эзофагиттің ерекше нысаны — 
жарғақты эзофагит
. Оның даму 
барысында өңештің кілегейлі қабықшасы жұқа ғана жарғақ қабыршыққа 
айналады. Химиялық зат күйдірсе, қабыршық қалың болып сыдырылады, 
өңештің іргесі тыртықтанып, саңылауы тарылады (
өңештің тартықтық 
стенозы


Өңештің іргесіне ұзақ уақыт алкоголь, темекі, тым ыстық тағамдар сияқты 
тітіркендіргіштер әсер етсе немесе жүрек қызметі жеткіліксіздігінен, порталық 
гипертензиядан қанайналымы бұзылып, веналарына қан іркілсе, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   403   404   405   406   407   408   409   410   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет