Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


-сурет. Өкпенің іріжасушалы карциномасы



Pdf көрінісі
бет403/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   399   400   401   402   403   404   405   406   ...   832
Байланысты:
струков патан

196-сурет. Өкпенің іріжасушалы карциномасы. 
Өкпенің безді-жайпақжасушалы карциномасы
аралас
карцинома деп те 
аталады, өйткені оның құрамына ісіктің екі гистологиялық нысаны кіреді: 
аденокарцинома және жайпақжасушалы карцинома. Ал 
карцинома бронхылық 
бездерден
өнсе, аденоидты-кисталы немесе мукоэпидермоидты құрылымдар 
түзеді

өте сирек кездеседі. 
Өкпе карциномасының 
асқынулық зардаптарына
оның метастаздары мен 
өкпеде өрістеген қосымша үдерістер жатады. 
Метастаздар
ісіктің өршіп, 
меңдегенін көрсетеді. Өкпе карциномасына шалдыққандардың 70%-ында 
метастаздар байқалады. Олар лимфогендік немесе гематогендік жолмен 
жайылып, алдымен бронхылық және бифуркациялық лимфалық түйіндерді 
зақымдап, кейін мойындағы, т.б. жерлердегі түйіндерге өрістейді. Гематогендік 
метастаздар көбінесе бауырдан, мидан, сүйектерден (әсіресе омыртқалардан) 
және бүйрекүсті бездерінен табылады. Түбірлік карцинома өз метастаздарын 
көбіне лимфогендік жолмен, ал шеткі карцинома гематогендік жолмен жаяды. 
Шеткі карциноманың көлемі кіші болады да, ұзақ уақыт білінбей өседі. 
Сондықтан оның алғашқы клиникалық белгілері гематогендік метастаздар 
арқылы ғана байқалатыны жайлы жоғарыда айтылған. 


Нуржігіт Алтынбеков 
332
Өкпеде дамитын салдарлық өзгерістер
. Түбірлік карцинома түпкі бронхыны 
бітеп, көбінесе ателектазға ұшыратады. 
Ісікте
некроз
дамып, қуыс қалыптасып, 
қан кетеді, кейде ісіктің тіні іріңдейді, басқа да үдерістер қосарланады. 
Өкпе карциномасымен сырқаттар, әдетте метастаздардың зардабынан, өкпеде 
дамыған салдарлық үдерістерден немесе кахексиядан 
өледі.
Плеврит 
Плеврит
— плевраның қабынуы; оның этиологиясы әртүрлі. Көбіне ол жедел 
немесе созылмалы пневмонияға, өкпенің инфарктісіне қосарланады. Кейде 
плеврит аллергиялық (ревматизм) немесе уытты әсердің (уремия) салдары. 
Висцералдық плевра көмескі тартып, қанды дақтар пайда болады, кейде оның 
үстін жұқа немесе қалыңдау фибринді қабыршық жауып кетеді. Париеталдық 
плеврада бұл өзгерістер онша айқын бола қоймайды. 
Кеуденің қуыстарына ұйымалы, ұйымалы-фибринді, фибринді, іріңді немесе 
геморрагиялы экссудат жиналады. Кейде плевраны фибринді қабыршық қана 
жауып, оған сұйықтық араласпайды 
(құрғақ плеврит

. Кеуде қуысындағы 
экссудат іріңді болса, 
плевралық эмпиема
дамығаны. Ол көбіне абсцесті 
пневмонияның зардабы ретінде немесе ұйымалы экссудатқа қосымша инфекция 
түскенде байқалады. Эмпиема ұзаққа созылса, висцералдық және париеталдық 
плевра қалыңдап, ізбестенеді, ондағы ірің қойылып, қабықпен шектеледі; кейде 
жыланкөздер қалыптасады. 
Плевраны карцинома зақымдаса, кеуде қуысына кейде 
геморрагиялы 
экссудат
жиналады. 
Фибринді экссудатты 
бірікпелер
жайлап, плевра қалыңдайды. Кейде кеуденің 
қуысы мүлде бітеліп (әсіресе туберкулездік плевриттен), оның тыртық 
жайлаған жерлері ізбестенеді. Фибропластикалы үдеріс тым өрістеп кетсе, 
кеуде қуысын талшықты дәнекер тін түгел жайлап, өкпені қысып, қабыстырады 
(коллапс). Бұл үдеріс 
фиброторакс
деп аталады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   399   400   401   402   403   404   405   406   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет