Нуржігіт Алтынбеков
334
Патологиялық анатомиясы
.
Жедел ангинаның
катарлы, фибринді, іріңді,
лакуналық, фолликулдық, некрозды және гангреналы нысандары бар.
Катарлы ангина
кезінде таңдайдың бадамша безі мен доғасына қан толып,
көгеріңкірейді, кілегейлі қабықшасын шырыш басып, көмескі тартады.
Ұйымалы немесе лейкоциттер араласқан шырышты экссудат пайда болады.
Кейде лайсаңдау экссудат эпителийдің астына жиналып, ұсақ-ұсақ көпіршіктер
түзеді.
Ангина фибринді
болса, бадамшаның кілегейлі қабатын ақшыл сары
түсті фибринді қабыршық басады. Ол көбіне дифтерия (қазақша:
күл
) ауруында
байқалып,
ангина дифтеритті
болады.
Іріңді ангина
кезінде бадамша без су
сіңіп ісініп, лейкоциттер көп жиналып, әдетте ұлғаяды. Іріңді қабыну безді
түгел жайлап, көбіне ангинаның
флегмоналы
нысаны
байқалады. Кейде ірің бір
жерге шоғырланып,
абсцесс
түзеді. Ірің бадамшаның төңірегіне, тіпті
организмге түгел жайылуы да мүмкін. Енді бірде бадамша бездің
лакуналарының түбіне сыдырылған эпителий араласқан ұйымалы, шырышты
немесе лейкоцитті экссудат жиналады, сөйтіп
лакуналық
ангина
орын алады.
Жүлгелерге ірің толған кезде бадамшаның үстін ақшыл сары түсті қабыршық
басады. Ол оңай сыдырылады.
Фолликулдық ангина
негізінен лимфалық
фолликулдарды
қамтиды.
Бадамша
без
қанға
толып,
ұлғаяды,
фолликулдарының орталық аймақтары іріңдеп, жидиді. Фолликулдардың
маңындағы лимфоидты тінде лимфоциттер мен лейкоциттер көбейіп, олар
фолликулдардың арасына да жайылады.
Некрозды ангина
кезінде кілегейлі
қабықшаны, кейде оның астындағы қабаттарды да некроз үдерісі жайлап, жиегі
тегіс емес ақаулар қалыптасады (
некрозды-ойық жаралы ангина
. Көмей мен
бадамшада қанды ошақтар көбіне сол себепті пайда болады. Ал егер бадамша
бездің тіні гангренадан жидісе
, гангреналы ангина
дамығаны. Некрозды және
гангреналы ангинаға көбіне скарлатина мен жедел лейкоз себеп болады.
Ангинаның ерекше нысаны —
Симановский
Плаут—Венсенның ойық жаралы-
қабыршықты ангинасы
. Ол — ұршықтәрізді бактериялар мен ауыз қуысында қалыпты
жағдайда болатын спирохеталардың симбиозынан дамитын жұқпалы
эпидемиялы
ангина. Егіс даласында қыстап шыққан дақылдарды асқа пайдаланғанда дамитын
сепсистік ангина,
яғни
алиментарлық-токсикалық алейкиялы ангина
да дербес сипатты
ауру.
Достарыңызбен бөлісу: