Нуржігіт Алтынбеков
336
Эзофагит
— өңештің кілегейлі қабатының қабынуы. Ол көбіне басқа
аурулардың салдары ретінде дамып, анда-санда ғана біріншілік,
яғни дербес
ауру болады. Эзофагит жедел және созылмалы ағымды.
Жедел эзофагит
ыстық немесе суықтың, химиялық және физикалық
факторлардың
әсерінен, жұқпалы аурулардан (дифтерия, скарлатина, сүзек)
және аллергиялық жауап ретінде дамиды. Оның
катарлы, фибринді,
флеглоналы, ойық жаралы және гангреналы нысандары
бар.
Жедел эзофагиттің ерекше нысаны —
жарғақты эзофагит
.
Оның даму
барысында өңештің кілегейлі қабықшасы жұқа ғана жарғақ қабыршыққа
айналады. Химиялық зат күйдірсе, қабыршық қалың болып сыдырылады,
өңештің іргесі тыртықтанып, саңылауы тарылады (
өңештің тартықтық
стенозы
.
Өңештің
іргесіне ұзақ уақыт алкоголь, темекі, тым ыстық тағамдар сияқты
тітіркендіргіштер әсер етсе немесе жүрек қызметі жеткіліксіздігінен, порталық
гипертензиядан қанайналымы бұзылып, веналарына қан іркілсе,
Достарыңызбен бөлісу: