Нуржігіт Алтынбеков
43
аралық филаменттер және микротүтікшелер
макрофиламенттер. Әр филамент
барлығына
ортақ әрекетпен қоса, өзіне тән арнаулы әрекетті де атқарады.
Мысалы, жиырылу әрекетін микрофиламенттер атқарса, статикалық, яғни
тұрақтылық әрекетті аралық талшық, органеллалар қозғалысы мен тасымалдау
әрекетін микротүтікшелер орындайды. Түрлі аурулар мен патологияда
цитоскелет өзгерсе, жасушаның арнаулы әрекеті де
соған сәйкес өзгеретіні
түсінікті.
Микрофиламенттер
Микрофиламенттердің
актин мен миозинге тікелей қатысы бар. Актиндік
филаменттер де, миозиндік филаменттер сияқты жасушалардың басым
көпшілігінде болады. Бұлшықеттік жасушалардағы ғана емес,
басқа
жасушалардағы миозинге де тән қасиет
ол актиндік филаменттермен
қайтымсыз қосылып, АҮФ-тің гидролизі кезінде катализді қамтамасыз етеді; ал
бұл үдеріске актин қажет. Бұлшықеттік жасушалардағы миозиннің мөлшері,
оның басқа жасушалар түрлеріндегі мөлшерінен 50
есе артық және бұлшықет
жасушаларындағы миозин филаменттері, басқа жасушалардағыдан ұзынырақ
та, жуандау да.
Микрофиламенттер
патологиясы
әртүрлі. Мысалы, микрофиламенттер
әрекетінің бұзылуымен холестаздың кейбір түрлері,
тіпті біріншілік билиарлы
цирроздың дамуында сабақтастық бар дейтін пікір айтылып жүр.
Микрофиламенттік жүйе бауырдағы өт айналымын реттеуге де қатынасады
дейтін де пікір бар (21-сурет); өйткені өт өзекшелерін қоршаған
микрофиламенттер өте көп және олар гепатоциттердің плазмалық
мембранасына бекіп, өт өзекшелері саңылауының көлеміне әсер ете алады.
Микрофиламенттердің жиырылу қабілетін тежегенде
өт ағысы іркілетіні
байқалған. Осы механизм холестаздың кейбір түрлерінің даму негізі сияқты.
Сондықтан да біріншілік билиарлы цирроз дамығанда өт өзектерінің
эпителийінде
микрофиламенттер
күрт
көбейіп,
билиарлық
жүйенің
кинетикасын бұзып, холестаз дамытып, кейін холангиолаларда осы ауруға тән
гранулемалар қалыптасуы да мүмкін. Бірақ, біріншілік билиарлы цирроздың
даму барысында билиарлық жүйенің эпителийіне
микрофиламенттердің көп
жиналуы, оның бастамасы ма әлде салдары ма, бұл мәселе әлі өз шешімін
тапқан жоқ. Микрофиламенттер саны қатерлі ісіктерде,
әсіресе олардың
инвазиялы аймағында көбейтіні белгілі. Микрофиламенттер белсенділігінің
артуы бірқатар репарациялық үдерістерге, мысалы жарақаттың жазылуына да
тән.
Микрофиламенттік жүйенің әрекеті секрет түзіліміне, фагоцитоз бен митозға
да қатынасады.
Достарыңызбен бөлісу: