Нуржігіт Алтынбеков 351
Соңғы жылдары асқазанның
жаңа басталған карциномасы деп аталатын ісік
осы мүшенің дербес ісігі ретінде танылып жүр. Бұл ісіктің диаметрі 3 см-ден,
ал жайылған тереңдігі кілегейлі қабықша астындағы қабаттан аспайды. Ол
клиникалық практикада нысаналы гастробиопсия қолданғаннан бастап қана дер
кезінде анықтала бастады. Карциноманың бұл нысаны бар деп танылуының
практикалық маңызы зор, өйткені оны хирургиялық тәсілмен алып тастағаннан
кейін науқастардың 100%-ы 5 жылдан артық өмір сүреді, оның 5%-ы ғана
метастаз жаяды.
Асқазан карциномасының көбі
кең тарап , өзінің маңындағы мүшелерге
жайылуға бейім. Мысалы, асқазанның алдыңғы және артқы қабырғаларын
қамти өскен кіші иілімнің карциномасы мен пилорус бөлімінің карциномасы
ұйқы безін, бауыр қақпасын, қақпа венасын, өт жолдары мен өт қалтасын, кіші
шарбыны, шажырқай түбі мен төменгі қуыс венаны жайлап кетеді. Ал
асқазанның кардиум бөлімінің карциномасы өңешке, асқазан түбіне жайылып,
талақ қақпасына, көкетке де өрістейді. Тотал карцинома мен үлкен иілімнің
карциномасы тоқ ішектің көлденең бөліміне, үлкен шарбыға жайылады. Ісік
жайлаған шарбы бүрісіп, қысқарады.
Асқазандағы карциноманың құрылымдық және қызметтік ерекшеліктері
ісіктің
гистологиялық типіне сәйкес болады. Көбіне экзофитті өсетін
аденокарцинома
тубулалы (түтікті),
папиллалы (бүртікті),
муцинді (шырышты
; 201-сурет) болып, олардың әрқайсысы
толысқан ,
орташа толысқан ,
шала толысқан типтерге бөлінеді. Ал көбіне эндофитті өсетін
толыспаған карциноманың солидті (тығыз),
скирр (дәнекер тінді;
202-сурет) және
жүзікжасушалы варианттары
бар.
Асқазанда
карциноманың
жайпақжасушалы ,
безді -
жайпақжасушалы (аденоканкроид)
және
жіктелмейтін типтері сирек кездеседі.