Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


-сурет. Асқазанның муцинді аденокарциномасы



Pdf көрінісі
бет429/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   425   426   427   428   429   430   431   432   ...   832
Байланысты:
струков патан

201-сурет. Асқазанның муцинді аденокарциномасы. 
202-сурет. Асқазанның скирр карциномасы. 
Асқазан карциномасы халықаралық гистологиялық классификациясы тұрғысынан 
ғана емес, өзінің құрылымдық сипатына қарай да жіктеліп, 
ішектік
және 
диффузды
типтерге бөлінеді (Лаурен, 1965). Асқазан карциномасының ішектік типі ішектің 
шырыш түзетін, цилиндртәрізді эпителийіне ұқсас безді эпителийден құрылған. 
Карциноманың диффузды типінде шырышты және шырышсыз, ұсақ жасушалар асқазан 
іргесінің кейбір жерлерінде безді құрылымдар қалыптастырып, біркелкі шашырап 
жайлайды. 
Асқазан 
карциномасына 
метастаздану
тән. 
Метастаз 
асқазан 
карциномасының 3\4—2\3-інде кездесіп, әртүрлі жолмен, әсіресе лимфогендік, 
гематогендік және имплантациялық 

контактылық) жолдармен тарайды. 
Лимфогендік жолмен
метастаздану басты рөль атқарады және оның 
клиникалық маңызы да зор (203-сурет). 
Асқазанның кіші және үлкен иілімдерінің бойында жайғасқан аймақтық 
лимфалық түйіндердегі метастаздардың маңызы ерекше. Метастаз ол жерлерде 
асқазан карциномасының жартысынан көбінде әрі бірінші пайда болады, 
сондықтан операция тәсілін таңдап, оның көлемін анықтауға көп әсерін 


Нуржігіт Алтынбеков 
352
тигізеді. Шалғайдағы лимфалық түйіндерде метастаздар лимфа ағысына 
бағыттас (
ортоградтық
) және лимфа ағысына кері (
ретроградтық
) жолмен 
пайда болады. Диагностикалық маңызы бар, ретроградтық лимфогендік 
метастаздарға, әдетте сол жақ бұғана үстіндегі лимфалық түйіндердегі («Вирхов 
метастаздары») және көтен ішек маңындағы клетчатканың лимфалық 
түйіндеріндегі («Шницлер метастаздары») метастаздары жатады. Асқазан 
карциномасының лимфогендік ретроградтық метастазының классикалық 
мысалы ретінде аналық бездегі 
Крукенберг карциномасы 
деп аталатын 
метастазды атауға болады. Әдетте, метастаз аналық бездің екеуін де зақымдап, 
олар күрт ұлғайып, қатайып, ағарыңқырайды. Лимфогендік метастаздар өкпеде, 
плеврада, іш пердесінде пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   425   426   427   428   429   430   431   432   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет