Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет426/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   422   423   424   425   426   427   428   429   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
349
Патологиялық анатомиясы

Түйнек тәрізді
(жайпақ, беткейлік, төселген) 
карциноманың
үлесіне асқазан карциномасының 1—5%-ы ғана тиеді. Оның 
ұзын өлшемі 2-3см, жайпақ түйіні көбіне асқазанның пилорус бөлімінде, кіші 
немесе үлкен иілімінде қалыптасып, кілегейлі қабықшаны қалыңдата төселіп 
өседі (199-сурет). Бұл ісік кілегейлі қабаттың астын сирек қамтығанмен, 
қабықша қатпарларының қозғалысын шектейді. Түйнек тәрізді карциноманың 
көбінің гистологиялық құрылымын аденокарцинома, бірен-саранын толыспаған 
карцинома құрайды.
199-сурет. Асқазан карциномасының нысандары:
а — түйнек тәрізді; б — полипті; в — саңырауқұлақ 
тәрізді; г — диффузды.
 
Бүртікті (полипті

 карцинома
 
асқазан карциномасының 5%-ын қамтиды. Ол 
— үсті бүртікті, диаметрі 2—3 см, жіңішке сабақты түйін (199-сурет). Оның тіні 
қан тамырлы, қызғылттау немесе қызғылт боз түсті. Бүртікті карцинома кейде 
асқазан полиптерінен өрбігенмен, көбіне экзофитті өсу жолына ауысқан түйнек 
тәрізді карциномадан қалыптасады. Бүртікті карциноманың микробейнесін, 
әдетте аденокарцинома, кейде толыспаған карцинома түзеді. 
Саңырауқұлақ тәрізді (фунгустық) карцинома
асқазан карциномасымен 
сырқаттанғандардың көбінде кездеседі. Ол, полипті карциномадағыдай, үсті 
бұдырлы (кейде тегіс), түйінді құрылым. Оның сабағы жалпақ әрі қысқа келеді 
(199-сурет қара). Ісік түйінінің біразының үстінде эрозиялар, қанды ошақтар 
немесе фибринді-іріңді қатпарлар болады. Ісіктің тіні айқын шектелген, 
жұмсақ, қызғылт боз яки қызыл боз түсті. Саңырауқұлақ тәрізді карциноманы 
бүртікті карциноманың одан әрі экзофитті өсу кезеңі деп бағалаған жөн. 
Сондықтан оның гистологиялық бейнесін де аденокарцинома немесе 
толыспаған карцинома құрайды. 
Ойық жаралы карцинома
— ең жиі кездесіп, асқазан карциномасының 50%-
дан астамын қамтитын ісік. Оны бейнелейтін ойық жаралардың даму тегі 
әртүрлі. Біраз ісіктің даму барысында бірден қалыптасып, біріншілік ойық 
жаралы карциномамен яки табақша тәрізді карциномамен (карциномалық ойық 
жара) бейнеленсе, енді бір тобы созылмалы ойық жарадан өрбіп, ойық жаралық 
карцинома деп аталады. 
Асқазанның біріншілік ойық жаралы карциномасы
толық зерттелмеген (200-
сурет). Өйткені, ол сирек ұшырасады. Оған бірден жедел ойық жаралы болып, 
экзофитті өсетін түйнек тәрізді карцинома жатады. Кейін карциномадағы жара 
созылмалы ойық жараға айналып, ісіктің бұл нысанын ойық жарадан дамыған 
карциномадан ажырату қиындайды. Біріншілік ойық жаралы карциноманың 
микробейнесі толыспаған карциномаға негізделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   422   423   424   425   426   427   428   429   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет