Нуржігіт Алтынбеков 369
Бауырдың өршімелі некрозымен сырқаттар көбіне бауыр яки бүйрек қызметі
жеткіліксіздігінен (
гепато-реналдық синдромнан ) өледі. Уытты әсерлік
дистрофия кейде
бауырдың постнекроздық циррозына ұласады.
Уытты әсерлік дистрофияның қайталануы сирек, сондықтан оның тек қана
қайталанған нысанынан туындайтын созылмалы ағымды нысаны да сирек. Бұл
аурудың созылмалы нысанынан да, әдетте постнекроздық цирроз өрістейді.
М АЙЛЫ ГЕПАТОЗ Майлы гепатоз (синонимдары:
бауырдың майлы дистрофиясы; май сіңген, яғни
майлы бауыр; бауыр стеатозы ) — гепатоциттерге май тым көп
жиналатын созылмалы ауру.
Этиологиясы мен патогенезі. Майлы гепатоз бауырға
улы заттардың (алкоголь, инсектицидтер, кейбір дәрі-дәрмектер)
әсерінен ,
эндокриндік- метаболизмдік өзгерістерден (сусамыр, семіздік),
дұрыс қоректенбегендіктен (липотропты факторлардың жеткіліксіздігі, квашиоркор, майлы және көмірсулы
тағамдарды көп ішу) және
гипоксиядан (жүрек-тамыр, өкпе қызметінің
жеткіліксіздігі, анемия, т.б.) дамиды.
Майлы гепатоздың басты себебі — алкогольмен ұзақ улану. Оның әсерінен
бауырда
алкогольдік стеатоз дамиды. Алкогольдің бауырға тікелей әсер ететіні
белгілі. Ол үшін тікелей тотығу үдерісі қолайлы. Кенеулі заттар тікелей
тотыққан кезде бауырда үшглицеридтер көбейіп, май қорларындағы май
қышқылдары тым көп жұмсалып, бауыр май қышқылдарын нашар сіңіреді.
Үшглицеридтер — инертті қоспалар, сондықтан олар гепатоциттерде жүріп
жатқан синтезге әсер ете алмайды. Алкогольдің уытты әсерінен дамыған бауыр
стеатозының ұзақ мерзімді болатын себебі де сол.
Әр адамның бауырының алкогольді сіңіріп, қорыту қабілеті әртүрлі. Бірақ
майлы гепатоздың дамуы адамның алкогольді неше жыл және қандай мөлшерде
ішкенімен тығыз байланысты.