Нуржігіт Алтынбеков
367
Бауыр, өт қабы мен ұйқы безінің
аурулары
Бауыр, ұйқы безі мен өт жолдарының қызметі, топографиялық анатомиясы
сабақтас болғандықтан, көбіне бұл мүшелерде дамитын аурулардың патогенезі
де өзара тығыз байланысты болатыны түсінікті. Олардың мән-мазмұны мен
патогенезін дұрыс ұғынып, айқындау жолдарын жетілдіру үшін биопсия
тәсілінің маңызы зор. Көбіне биоптат бауырдан алынады.
Бауыр аурулары
Бауыр аурулары
алуан түрлі. Олардың
тұқымқуалайтын
және
жүре
болатын
,
біріншілік
(бауырдың өзіндік аурулары) және
салдарлық
(бауыр
басқа аурулардан зақымдалатын) нысандары бар.
Бауырдың ауруларын көбінесе
инфекциялар
(эпидемиялы гепатит, жедел сары
қалтырау, лептоспироз, описторхоз, сүзек және т.б.), эндогендік (уремия,
тиреотоксикоз) және экзогендік (гепатотропты улар, алкоголь, улы тағамдар)
улардың
әсері
дамытады.
Қанайналымының
(шок, қанның созылмалы іркілуі),
тағамның
(белок және витамин тапшылығы) мен
заталмасулық
үдерістің
дұрыс
болмауының
(бауырдың заталмасулық аурулары) да маңызы зор.
Соңғы ондаған жылдар бойы бауыр ауруларын анықтау үшін бауырды
биопсия тәсілімен зерттеу кең қолданылып жүр. Осы тәсілмен анықталған
деректер бауыр ауруларының патологиялық анатомиясын одан әрі айқындап,
толықтыра түсті. Бауыр ауруларының морфологиясына
гепатоциттерде
өрбіген
дистрофия
мен
некроз
,
строма
(қақпалық жол, синусоидтар) мен өт
өзектерінде өрістеген
қабыну
және
дисрегенерация
мен
ісіктік
үдерістер
негіз
болады. Гепатоциттерде дистрофия мен некроз басым жағдай —
Достарыңызбен бөлісу: