Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет451/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   447   448   449   450   451   452   453   454   ...   832
Байланысты:
струков патан

Патологиялық анатомиясы
. Стеатоз дамыған бауырдың көлемі үлкен, түсі 
сары немесе қызылдау қоңыр, үсті тегіс. Гепатоциттерде үшглицеридтер 
көбейеді. Май тамшылары 
тозаң тәрізді

ұсақ
немесе 
ірі
болады (213-сурет). 
Органеллаларын май тамшылары шетке ығыстырып, бауыр жасушалары 
жүзікке ұқсайды (213-суретті қара). Май тамшылары гепатоциттердің 
кейбіреуін (
шашыранды
, яғни 
диссеминациялы
майлану
), гепатоцитерді топ-
тобымен (
аймақтық майлану
) немесе бауырдың паренхимасын түгел (
біркелкі, 
диффузды майлану

жайлайды. Улы зат немесе гипоксия әсер еткенде май 
тамшылары бауыр бөлікшелерінің орталығындағы жасушаларға басымырақ 
жиналса (
цетрлобулалық майлану
), белок пен витаминдер жеткіліксіз 
болғанда және семіргенде — қақпалық қан тамырлары тарамдарының 
төңірегіндегі жасушаларда көбейеді (
перипорталық майлану

. Тым майлы 
гепатоциттер жойылып, одан босаған май тамшылары біріксе, 
майлы кисталар
түзіледі. Олардың айналасына жасушалар шоғырланып, дәнекер тін өрістейді.
213-сурет. Майлы гепатоз:
а — гепатоциттердің ірі тамшылы майлануы; б —гепатоцит цитоплазмасындағы 
липидтік (Л) ірі тамшы. Я — ядро. Электронграмма. 12 000.
 


Нуржігіт Алтынбеков 
370
Майлы гепатоздың үш даму кезеңі бар. I кезең — жай майлану кезеңі. 
Гепатоциттер онша зақымдалмайды, мезенхималық жасушалардың жауабы 
байқалмайды. ІІ кезеңде гепатоциттерді майлы дистрофия мен некроз шарпып, 
мезенхималық жасушалар көбейеді. ІІІ кезеңде гепатоциттерде майлы 
дистрофия өршіп, бауырдың бөлікшелері қалыпты құрылысынан тайып, қайта 
құрылады. Бауыр стеатозының үшінші кезеңі қайтымсыз; циррозға ұласады. 
Майлы гепатоз, әдетте цирроздың порталық нысанына ұласатыны бауырды 
бірнеше рет биоптат алып зерттеу арқылы және эксперименттік деректермен 
дәлелденген. Цирроз стеатоздан дамыса, гепатоциттердегі май тамшылары 
жойылады. Бауыр стеатозымен сырқаттардың кейде денесі сарғаяда. Майлы 
гепатоздың біразына созылмалы панкреатит пен әртүрлі неврит қосарланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   447   448   449   450   451   452   453   454   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет