Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет477/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   473   474   475   476   477   478   479   480   ...   832
Байланысты:
струков патан

Патологиялық анатомиясы

Топографиялық
тұрғыдан, гломеруланефрит 
интракапиллярлық және экстракапиллярлық нысандарға, ал 
қабыну үдерісінің 
сипатына
қарай, — экссудатты, пролиферациялы және аралас нысандарға 
жіктеледі. 
Интракапиллярлық 
гломеруланефрит
кезінде 
негізінен 
шумақ 
капиллярларының 
иірімдері 
зақымдалып, 
қабынудың 
экссудатты, 
пролиферациялы немесе аралас нысаны өрістейді. 
Интракапиллярлық 
гломеруланефритте
мезангий мен капиллярлар иіріміне нейтрофилдер 


Нуржігіт Алтынбеков 
388
шоғырланса, 
интракапиллярлық пролиферациялы гломеруланефрит
кезінде 
эндотелий, әсіресе мезангийлік жасушалар көбейеді, шумақтардың көлемі 
ұлғайып, кескіні «табан жапырақ» тәрізді болады. 
Экстракапиллярлық 
гломеруланефрит
кезінде 
негізінен 
шумақ 
қабықшасының іші қабынып, үдеріс экссудатты немесе пролиферациялы 
сипатта дамиды. Экстракапиллярлық гломеруланефрит экссудатты болса, 
қабыну үдерісінің ұйымалы, фибринді немесе геморрагиялы түрлері орын алып, 
пролиферациялы болса, шумақтың қабықшасындағы жасушалар (нефротелий 
мен подоциттер) көбейіп, жартыайшық тәрізді ерекше құрылымдар 
қалыптасады. 
Қабыну үдерісінің
шумақтарды 
қамтыған көлеміне
қарай, гломеруланефрит 
диффузды
және 
ошақты
түрге жіктеледі. 
Гломеруланефритке тән негізгі үдеріс гломерулит болғанымен, бүйректің 
басқа да құрамдас бөліктерінің, яғни өзекшелері мен стромасының, 
тамырларының 
морфологиялық құрылысы
өзгереді. Осыған сәйкес 
гломеруланефриттің 
тубулалық

тубула-интерстицийлік
немесе 
тубула-
интерстиций-тамырлық компонентерді
басымырақ қамтитын түрлері болады. 
Ағымына қарай
, бұл ауру: жедел, жеделдеу және созылмалы 
гломеруланефритке 
жіктеледі. 
Олардың 
әрқайсысының 
патологиялық 
анатомиясында ерекшелік бар. 
Жедел гломеруланефрит
көбіне стрептококтың әсерінен дамиды, сондықтан 
стрептококтық (бактериялық) гломеруланефрит деп те аталады. Оның 
патогенезі қанайналымындағы иммундық кешендердің әсеріне негізделген 
(иммун-кешендік гломеруланефрит). Ол, әдетте 10-12 айға созылады. Аурудың 
алғашқы күндерінде бүйрек шумақтарына қан толып, оның мезангийі мен 
капиллярларының иірімдерін тез арада нейтрофилдер жайлап кетеді. 
Шумақтардағы лейкоциттер шоғыры — организмнің құрамына комплемент 
кіретін гетерологиялық иммундық кешендердің әсеріне қарсы жауабы (224-
сурет). Үдеріс барлық шумақтарды қамтиды. Көп кешікпей эндотелий мен 
мезангийлік 
жасушалар 
көбейіп, 
экссудат 
азая 
бастайды. 
Жедел 
гломеруланефриттің шумақтарды тек лейкоциттер жайлаған кезеңі 
экссудатты 
фаза
деп аталса, лейкоциттермен бірге шумақтың өз жасушалары көбейген 
кезеңі — 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   473   474   475   476   477   478   479   480   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет