Нуржігіт Алтынбеков
430
тамыраралық өткізгіштік артады. Әсіресе, ол C витаминімен қоса Р витамині
жеткіліксіз болса, ол күрт артып кетеді де, геморрагиялы синдром өте айқын
болады. Цинга ауруымен сырқаттарда коллагеннің синтезі бәсеңдейтіндіктен,
сүйек тіні қарқынды өсіп, құрылымын өзгертуге тиісті аймақтарында
пролиферациялық үдеріс тежеледі.
Патологиялық анатомиясы
. Цингамен сырқаттарда геморрагиялы синдром
дамып, сүйектер зақымдалып, инфекциялық үдерістер байқалады.
Геморрагиялы диатез
балалар мен ересектерде бірдей көрініс береді. Тері,
кілегейлі қабықшалар, ішкі мүшелер, сүйек кемігі, сүйек қабығының асты,
буындардың қуыстары қанталайды (гемартроз). Тері мен кілегейлі
қабықшаларда қанды дақтармен қоса ойық жаралар да пайда болады.
Балалар мен ересектердің
сүйектері
әртүрлі өзгереді.
Балалардың
сүйегі
ауырлау зақымдалып, баяу өседі. Жіліктердің өскелең аймағындағы шеміршекті
сүйектік тін баяу ығыстыратын болады, сондықтан диафиздердің тығыз қабаты
жұқарып, сүйектер сынғыш келеді. Өскелең аймақ қанталап, эпифиз бен
диафиздің арасы ажырайды (эпифизеолиз). Сүйектің кемігін фиброзды-
талшықты тін жайлайды. Ал,
ересектер
сырқаттанса, сүйектердің шеміршекпен
түйіскен жерлері басымырақ зақымдалады. Өйткені, ол жерлердегі шеміршек
40—45 жасқа дейін сүйектене береді. Сүйек кемігін фиброзды тінді
ығыстырып, табақшалары жұқарады, фибрин жиналып, қан құйылады, кейде
қабырғаның сүйегі шеміршегінен ажырап, төссүйегі ішке қарай ойысады.
Құрамында меланин көбейіп, тері қоңырқай тартады.
Достарыңызбен бөлісу: