Пеллагра Пеллагра (латынша:
реllus — тері, аgrа — қармау) — созылмалы ауру;
организмде никотин қышқылы (витамині РР
мен В тобына жататын
витаминдер жеткіліксіз болғанда дамиды.
Этиологиясы мен патогенезі . Бұл ауру организмде никотин қышқылы
(витамин РР) мен В тобына жататын витаминдер және триптофан
жеткіліксіздігінен дамиды. Тағамда белок жеткіліксіз болса, организмдегі
никотин қышқылы тым көп жұмсалып, азаяды. Никотин қышқылының
жеткіліксіздігінен тотығу-тотықсыздану үдерістері бұзылып, мүшелерде
дистрофия мен атрофия өрістейді.
Патологиялық анатомиясы. Бұл ауру негізінен теріні, жүйке жүйесі мен
ішекті зақымдайды. Дененің жалаңаш жерлерінің
терісі алқызыл тартып
(
эритема ), су сіңіп ісінеді. Кейін
гиперкератоз бен
атрофия дамып, тері ұсақ
бұдырланып, қоңырқай тартады. Гистологиялық тәсілмен зерттегенде, атрофия
және гиперкератоз ғана емес, дермадағы қан тамырларының төңірегіне
жасушалар шоғырланғаны, терлік бездер мен жүйкелік талшықтарды
дистрофия шарпығаны байқалады. Терінің базал қабатына меланин жиналады.
Жүйке жүйесінің әртүрлі бөлімдерін дистрофия шарпиды. Ол мидың
қыртыстық қабатындағы қозғалтқыш аймақтарды, аралық миды, мишықты,
жұлынды және шеті жүйкелік сабақтарды қамтиды. Пеллагра ұзаққа созылса,
көбіне жұлынның өткізгіш жүйесі зақымдалады.
Ішектің өне бойында
кілегейлі қабықша семіп, бездері кеңиді, фолликулдарының орнында ойық
жаралар пайда болып, кейін эпителиймен жабылады. Асқазанның, бауырдың,
ұйқы безінің де бірқатар құрылымы семеді.
B 12 -витамині мен фолий қышқылының тапшылығы В
12
витамині мен фолий қышқылы тапшы болса, анемия дамиды
«Анемияларды» қара).