Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


-сурет. Паратиреоидтық остеодистрофия



Pdf көрінісі
бет535/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   531   532   533   534   535   536   537   538   ...   832
Байланысты:
струков патан

243-сурет. Паратиреоидтық остеодистрофия:
сүйек лакуналы ыдырап (нұсқалған), жаңа фиброзды тін 
түзілген ( М. Эдер мен П. Гедиктен). 
Науқастар көбіне кахексиядан немесе бүйректері бүрісіп, уремиядан 
өледі.
ОСТЕОМИЕЛИТ 
Остеомиелит
(грекше: 
оstеоn
— сүйек, 
mуеlоs
— ми) — сүйек кемігінің 
қабынуы; үдеріс сүйектің тығыз және кеуекті заты мен қабығына жайылады. 
Остеомиелит 
ағымына
қарай, 
жедел
және 
созылмалы
, ал инфекцияның түсу 
механизмі тұрғысынан
гематогендік
біріншілік
остеомиелитке және 
салдарлық
остеомиелитке (түрлі жарақаттар, әсіресе оқ жарақаты асқынып, 
қабыну үдерісі сүйектің төңірегінен өрістейді) жіктеледі. Басты орынды 
гематогендік біріншілік остеомиелит алады. 
Г
ЕМАТОГЕНДІК БІРІНШІЛІК ОСТЕОМИЕЛИТ
 
Гематогендік біріншілік остеомиелит
жедел және созылмалы болады.
 
Гематогендік жедел остеомиелит
, әдетте жас адамдарда дамып, ер адамдарда 


Нуржігіт Алтынбеков 
434
2-3 өсе жиірек кездеседі. 
Гематогендік созылмалы остиеомиелит
көбіне жедел 
остеомиелиттің салдары. 
Этиологиясы.
Остеомиелитті негізінен гемолиздік стафилококк (60—70%), 
стрептококк (15—20%), колиформды бацилла (10 – 15%), пневмококк, гонококк 
сияқты іріңдеткіш микроорганизмдер қоздырады. Кейде саңырауқұлақтар да 
қоздыра алады. Инфекция гематогендік жолмен кез келген мүшеден тарап, 
оның алғашқы ошағының біразы анықталмай да қалады. Ондай жағдайларға 
ішектің ұсақ жарақатынан, тіс ауруларынан, жоғарғы тынысалу жолдарынан 
өрістеген транзиторлық бактериемия себеп болатын сияқты. 
Патогенезі
. Жіліктердің қанайналымы бактериялардың сүйек тініне түсуіне 
қолайлы. Алдымен метафиздің кемігіндегі кеңістіктер іріңдейді, өйткені ол 
жерлерде қан ағысы баяу. Кейін үдеріс өрістеп, ауқымды некроз ошақтарын 
қалыптастырып, сүйектің қыртыстық қабатына, қабығына, төңірегіне 
жайылады. Ірің біртіндеп сүйектің өзегін қуалап, кемігін одан ары зақымдай 
түседі. Балалардың, әсіресе жаңа туған сәбилердің, сүйек қабығы тығыз 
жалғаспайды және эпифиздің шеміршегінде қан айналымы ерекше, сондықтан 
іріңді үдеріс буынға да өрістеп, іріңді артрит дамиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   531   532   533   534   535   536   537   538   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет