Нуржігіт Алтынбеков
436
Асқыну зардаптары
. Сүйек сынғыш келеді. Жүре
бастаған сәбилердің,
әдетте ортан жілігі сынады. Қол сүйектері сирек сынады. Сынық тез бітіп,
сүйектің кескіні тым бұзылады. Фиброзды дисплазияның біразы остеогендік
саркомаға ұласады.
ОСТЕОПЕТРОЗ
Остеопетроз
(мәрмәр ауруы,
тума остеосклероз, Альберс-Шенберг ауруы)
— сирек байқалатын ауру. Сүйектік тін тез түзіліп, сүйектер жуандап,
кемігіндегі кеңістіктер тарылады немесе мүлде бітеліп қалады. Остеопорозға
мына үштік тән: сүйектер тым қатаяды, сынғыш келеді және анемия дамиды.
Этиологиясы мен патогенезі
. Остеопетроздың
этиологиясы мен патогенезі
әлі толық зерттелмеген. Сүйек пен қан жасайтын тіндердің дамуына әсер ететін
тұқымқуалайтын факторлардың қатысы бар екені күмәнсіз. Олардың әсерінен
сүйектік тін тым көп түзіліп, толық жетілмейді. Ал остеокластылар өз жұмысын
дұрыс атқара алмайды,
сондықтан бір жағынан, сүйек тіні тез ыдырап азайса,
екінші жағынан тым тез түзіліп отырады. Сүйектің өз тіні тым көбейіп, ал кемігі
ығысып, азайғандықтан, анемия
мен тромбоцитпения дамиды, қан жасайтын
ошақтар пайда болып, бауыр мен талақ және лимфалық түйіндер ұлғаяды.
Классификациясы
. Остеопетроздың екі түрі бар: ерте (аутосомды-
рецессивтік) остеопетроз және кешеуіл (аутосомды-доминанттық) остеопетроз.
Достарыңызбен бөлісу: