Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


Ерте нысаны жас кезден білініп, қатерлі болып, өлімге ұшыратады;  кешеуіл



Pdf көрінісі
бет539/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   535   536   537   538   539   540   541   542   ...   832
Ерте нысаны
жас кезден білініп, қатерлі болып, өлімге ұшыратады; 
кешеуіл 
нысанының 
ағымы қатерсіз. 
Патологиялық анатомиясы
. Остеопетроз бүкіл қаңқаны қамтиды, бірақ 
жіліктер мен ми сауытының астыңғы бөлімін, жамбас пен омыртқа жотасын 
және қабырғаларды басымырақ зақымдайды. Остеопетроздың ерте нысанымен 
сырқаттардың кескінінен ерекшеліктер байқалады: беті жалпақ бітімді, көздері 
алшақ жайғасады, мұрны батық, кеңсірігі кең, ерні қалың келеді. Гидроцефалия 
дамиды, денесін түк басып, геморрагиялық диатез байқалады, сүйектердің көбі 
зақымдалады. Ал кешеуіл остеопетроз, әдетте жеке сүйекті ғана бүлдіреді. 
Сүйектердің жалпы сұлбасы өзгермегенмен, көбіне ортан жіліктің төменгі 
бөлімі қолба тәрізденіп, бұлтияды. Қалыңдап, салмағы өсіп, сүйекті кесу 
қиындайды. Сүйектік тін жайлап, жіліктердің өзегі бітеледі. Жалпақ 
сүйектердің кемігіндегі кеңістіктер де бітеліп, көрінбейтін болады. Кеуекті 
затты өңделген мәрмәр тәрізді, біртекті тығыз сүйектік тін жайлайды (мәрмәр 
ауруы). Сүйектің тесіктері мен өзектері тарылып, жүйкелік сабақтары семеді. 
Кейде көру жүйкесі семіп, остеопетрозға ұшырағандар зағип болады. 
Остеопетроздың 
микробейнесі 
алуан түрлі: сүйектердің өне бойында сүйектік 
тін дұрыс түзілмегенмен, ішінде тым көбейіп, ретсіз жайғасады (245-сурет). 
Сүйектің кемігіндегі кеңістіктерді сүйек тінінің қатпарлары мен бірігетін 
сызықтары доға тәрізді ирек табақшалар жайлап, әр жерден жуан талшықты 
эмбриондық табақшалар да ұшырасады. Остеокластылар тым азайып, сүйек 
онша ыдырай қоймайды. Құрамындағы құрылымдар ретсіз жайғасатындықтан, 
архитектоникасы бұзылып, сүйектер сынғыш келеді. Энхондрийдің сүйек 
түзетін аймақтарындағы шеміршек те онша ыдырамайды. Шеміршектің 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   535   536   537   538   539   540   541   542   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет