Нуржігіт Алтынбеков
469
венулалардың
аба жасушалары, қан тамырының төңірегіне жиналған
лимфоциттер мен бірен-саран нейтрофилдер кіреді. Ми мен теріде қалыптасқан
гранулемалардың орталығын көбейген жасушалар жайлап,
ондағы қан
тамырының саңылауы кейде әзер көрініп, кейде мүлдем көрінбей қалады.
Симпатикалық жүйке жүйесіндегі гранулемалардың құрылысы да тап
мидағыдай.
Бөртпе сүзектік бөрітпелер
(экзантемалар) аурудың қалтыраулы кезеңінің
3-5-ші тәулігінде теріде пайда болады. Олардың
морфологиялық бейнесін
микроциркуляциялық арна мен ұсақ артерияларда өрістейтін, жоғарыда
сипатталған өзгерістер мен гранулемалар құрайды.
Васкулит некрозды болса,
қанды дақтар (петехийлер) пайда болып, әдетте ауру ауыр ағымды келеді.
Мида
бөртпе сүзектік гранулемалар көбінесе аурудың 2-ші аптасында қалыптасып, 6-
шы аптаның бас кезінде жойылады. Түйіншектер мидың көпірі мен ми
бағанында, мидың қыртыстық қабатының астындағы ганглийлерде,
сопақша
мида (көбінесе төменгі бадамша тұсында), гипофиздің артқы бөлімінде түзіледі.
Үлкен ми сыңарларының ақ затында түйіншектер болмайды. Түйіншектермен
қатар, ми тінінде толыққандылық және стаз байқалып, қан тамырларының
(әсіресе веналардың) төңірегін плазмациттер қапталдап (муфта), микроглиялық
жасушалар шоғырланады. Жүйкелік жасушаларда альтерациялы үдеріс онша
өрістей қоймайды. Аталған өзгерістерге сүйене отырып, мида
ұйымалы
менингит
қосарланған бөртпе сүзектік
энцефалит
орын алады деп пайымдауға
әбден болады.
Достарыңызбен бөлісу: