Нуржігіт Алтынбеков
468
қысым күрт төмендейді. Риккетсиялар ұсақ қан тамырларының эндотелийіне
қоныстап, көбейіп, жалпы васкулит өрістетіп, орталық жүйке жүйесін, сопақша
ми мен теріні ауыр зақымдайды. Қалтыраулы кезең меңдей келе (аурудың 2-3
аптасында),
сопақша ми қатты зақымдалып, науқас кейде дұрыс жұтынып,
тыныс ала алмай да қалады. Организмді кең қамтыған васкулиттен және жүйке
жүйесінің трофиканы реттейтін қызметі бұзылып,
тіндердің төзімділігі
төмендейді, аз уақыттың ішінде некрозды ошақтар мен жауыр аймақтар пайда
болады. Симпатикалық жүйкелік жүйе мен бүйрекүсті бездері зақымдалып,
гипотония үдей түсіп, жүректің жұмысы әлсіреп,
науқас қайтыс болуы да
мүмкін.
257-сурет. Эксперименттік бөртпе сүзек:
микроциркуляциялық арнаның қан тамырларындағы стаз және
эритроциттер агрегациясы (А.П. Авцынның препараты).
Достарыңызбен бөлісу: