Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет577/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   573   574   575   576   577   578   579   580   ...   832
Асқыну зардаптары
. Әсіресе көздің конъюнктивасындағы шешектік 
іріңдіктер өте кауіпті, өйткені қасаң қабықша ауыр зақымдалып, науқас зағип 
болып қалуы да мүмкін. Құлақтың ортаңғы бөлімінің шырышты қабықшасы 


Нуржігіт Алтынбеков 
466
зақымдалса, кереңдікке ұшыратады. Шешектік пустулалардан кейде теріде 
флегмона өрістейді, өкпеде абсцестер мен гангрена дамиды. Шешек ауруымен 
науқастар шешектік токсикоздан, сепсистен немесе бактериялық қосымша 
инфекциядан 
өледі

ҚҰТЫРУ 
Құтыру
(
rabies
, латынша: 
rabere
— құтырған), судан қорқу, гидрофобия 
(грекше: 
һуdor
— су, 
рһоbos
— қорқу) — адам мен жануарлар ауыратын жедел 
инфекциялық ауру (антропозооноз);
орталық жүйке жүйесін зақымдайды. 
Этиологиясы мен патогенезі. 
Бұл ауруды рабдовирустар туыстастығына 
жататын құтырулық вирус қоздырады; ол адам мен жылықандылардың басым 
көпшілігіне патогенді. Вирус ауру жануар тістеген жердегі жарақат арқылы 
кіреді. Жарақаттағы нейротропты вирус жүйке сабақтарының маңындағы 
кеңістікті қуалап, ми мен жұлындағы жүйкелік жасушаларға жетіп, оған кіріп, 
көбейеді. Аурудың инкубациялық мерзімі 30—40 тәулік, даму мерзімі 5—7 
тәулік. Ауру жаршы кезеңнен басталып, құтыру кезеңіне, одан салдану 
(паралич) кезеңіне ұласады. Біліне бастаған кезде тістелген жерді тыртық басып 
үлгергенмен, көбіне экссудатты қабыну қайта өрістеп, сол тұстағы шеткі 
жүйкелік сабақтардың маңына жасушалар шоғырланады да, олардың миелинді 
қабықшалары ыдырайды. 
Патологиялық анатомиясы
. Құтыру негізінен миды зақымдайды. Жай 
көзбен қарағанда мидың тіні су сіңген, толыққандылау екендігі байқалып, 
сопақша мида қанды дақтар болады. Микроскоппен ми бағанындағы, III 
қарыншаның 
қабырғасындағы 
және 
гипокамптағы 
жасушалардың 
зақымдалғаны анық көрінеді. Құтырулық вирус көбейсе, жүйкелік 
жасушаларды хроматолиз бен гидропиялы дистрофия шарпып, некроз 
өрістейді. Жүйкелік өлі жасушалар мен ұсақ қан тамырларының төңірегіне 
микроглия мен лимфалық жасушалар шоғырланып, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   573   574   575   576   577   578   579   580   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет