Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет578/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   574   575   576   577   578   579   580   581   ...   832
Байланысты:
струков патан

құтырулық түйіншек
қалыптасады. Түйіншектер мидың барлық бөлімдерінде, әсіресе сопақша ми 
мен үлкен мидағы су (Сильвий)
құбыры аймағында, өте көп түзіледі. Кейде 
қанды дақтар да болады. Сонымен, мида 
энцефалит
дамиды. Жұлын және оның 
мойын
тұсындағы буылтығы да тап осылай өзгереді. 
Вегетативтік жүйке 
жүйесінің түйіндері. 
Олардың маңындағы сателиттер мен лимфалық 
жасушалар тым көбейіп, ол жерлерде де құтырулық түйіншектер қалыптасады. 
Бұл үдерістер әсіресе жүйкелік үшкіл түйін (Гассер түйіні) мен мойындағы 
симпатикалық жоғарғы түйіндерде өте айқын келеді. 
Гипокамптағы 
жүйке 
жасушаларының, 
кейде 
мидың 
басқа 
да 
аймақтарындағы жасушалардың цитоплазмасына 
Бабеш—Негри
денешіктері 
деп аталатын эозинфилді жұмырлау пішінді қосымша құрылымдар пайда 
болады. Бұл құрылымдардың диагностикалық мәні өте зор. 
Сілекей бездеріндегі
қан тамырларының маңына жұмыр жасушалар 
шоғырланып, бездердегі жүйкелік түйіндерде де құтырулық түйіншектер 
түзіледі. Басқа мүшелерді дистрофия шарпиды. 
Емделмесе және антирабиестік (құтыруға қарсы) сарысу қолданылмаса, 
науқастардың 100%, яғни барлығы өледі. Ал антирабиестік сарысумен дұрыс 


Нуржігіт Алтынбеков 
467
емделген науқастар толық айығып кетеді. Дегенмен, бұл емнің өзінің де 
зардаптары бар: менингэнцефалит, Ландридің өрлемелі салдануы, кейбір 
жүйкелік бөлімдерге қатысты салдану дамып, науқастың психикасы да 
зақымдалуы мүмкін. 
Риккетсиоздар 
Риккетсиоздар
— риккетсиялар туыстастығына жататын микроорганизмдер 
қоздыратын аурулар тобы. Риккетсиялардың бактериялардан айырмашылығы 
— эндотелий мен мезотелийде қоныстайды. Олар дамытатын аурулардың 
бірқатар эпидемиологиялық және клиника-морфологиялық ерекшеліктері 
болғандықтан, бұл аурулар риккетсиоздар деп аталып, ерекше топқа бөлінген. 
Табиғи жағдайда риккетсиялар қансорғыш буынаяқтыларда (бит, бүрге, кене), 
кейбір түз және үй жануарларында, тіпті адамда да болады. Риккетсиялық 
инфекцияның табиғи жағдайда сақталып, жиналатын резервуарлары — кенелер, 
түз жануарлары және үй жануарлары. Эпидемиялы бөртпе сүзек пен Волын 
қалтырауы сияқты риккетсиоздар ауру адамнан ғана жұғады. Басқа 
риккетсиоздар — эндемиялы инфекциялар, сондықтан энзоотиялы (табиғи 
ошақты) аймақтарда ғана байқалады. 
Классификациясы
. П.Ф. Здродовский мен Е.А. Голиневич (1972) 
риккетсиоздардың бірыңғай номенклатурасын ұсынып, оларды 11 топқа 
жіктеген: 1) битті (эпидемиялы) бөртпе сүзек және сирек сүзек, яғни (Брилл-
Цинссер ауруы); 2) эндемиялы (егеуқұйрықтық) бөртпе сүзек; 3) Шыңды 
таулардағы дақты қалтырау; 4) Марсель қалтырауы; 5) кенелік бөртпе сүзек; 6) 
Солтүстік Австралиялық сүзек; 7) везикулалы (шешектәрізді) риккетсиоз; 8) 
Цуцугамуши қалтырауы; 9) Ку-қалтырауы; 10) Волын қалтырауы; 11) кенелік 
пароксизмді риккетсиоз. 
Бұлардан адам патологиясында ерекше орын алатындары: эпидемиялы бөртпе 
сүзек, сирек бөртпе сүзек және Ку-қалтырауы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   574   575   576   577   578   579   580   581   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет