Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет585/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   581   582   583   584   585   586   587   588   ...   832
Патологиялық анатомиясы
. Іш сүзегінің даму барысында жергілікті және 
жалпы өзгерістер орын алады. 
Жергілікті өзгерістер
. Ішектің шырышты қабықшасы мен лимфалық 
құрылымдары, лимфалық фолликулдар тобы мен солитарлық фолликулдары 
зақымдалады. Егер аш ішек басымырақ зақымдалса, іш сүзегін 
илеотиф
деп, ал 
тоқ ішек айқындау өзгерсе, 
колотиф
деп, ал аш ішек пен тоқ ішек бірдей 
қамтылса, 
илеоколотиф
деп атайды. Көбіне осы ауруға тән өзгерістер мықын 
ішегінің Пейер түйіндерінде айқындау болады (илеотиф). Аурудың даму 
барысы: ми тәрізді ісіну, некрозды, ойық жаралы, тазарған ойық жара және 
жазылу кезеңі деп, бес кезеңге бөлінеді. 
Ми тәрізді ісіну кезеңінде
фолликулдар ұлғайып, шырышты қабықшаның 
үстінен асып, томпайыңқырап тұрады. Олардың үсті ми тәрізді жүлгелі, 
иірімді, кесіндісі бозғылт қызыл түсті, шырынды болады (259-сурет). Ми 
тәріздене ісінудің себебі — моноциттер, гистиоциттер мен ретикулалық 
жасушалар лимфоциттерді ығыстырып, көбейеді. Аталған жасушалар 


Нуржігіт Алтынбеков 
472
фолликулдар тобы мен шырышты қабықшадан асып, бұлшықетті қабатты 
жайлап, кейде ішектің сірі қабығына дейін жетеді. 
Жасушалардың біразы, әсіресе моноциттер, көбейіп, іш сүзегінің
таяқшаларын сіңіріп, жоятын макрофагтарға (цитоплазмасы ашық түсті ірі 
жасушаларға) айналады. Олар іш 
сүзектік жасушалар
деп аталады. Бұл 
жасушалар шоғырланып, іш 
сүзектік гранулема
түзеді 260-сурет). Солитарлық 
фолликулдар да тап осылай өзгереді. Фолликулдар тобы мен жеке фолликулдар 
ми тәріздене ісінген жерлерде 
катарлы энтерит
дамиды.
259-сурет. Іш сүзегі:
а —ми тәріздене ісінген фолликулдар тобы (Пейер түйінектері); б —некрозды 
фолликулдар тобы; в — тазарған ойық жаралар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   581   582   583   584   585   586   587   588   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет