Нуржігіт Алтынбеков
473
мүшелердегі іш сүзегінің гранулемалары жатса, екінші топ лимфалық жүйедегі
гиперплазиялық үдерістер мен мүшелердің паренхимасындағы дистрофияны
қамтиды.
Іш сүзектік бөртпелер
аурудың 7-11-тәулігінде тұлғаның, ең алдымен іштің
алдыңғы жағының терісінде пайда болады. Ол
—
розеола-папулалы (қызыл
түйіншекті) бөртпе; терісінің үстінде томпайыңқырап тұрып, саусақпен
басқанда жоғалып кетеді. Микроскоппен зерттеп, бөртпені терінің үрпілі
қабатындағы қан кернеген тамырлары мен лимфоциттер шоғыры
қалыптастыратынын көреміз; ол жерде эпидермис қопсып, гиперкератоз
дамиды (экзантемада іш сүзегінің таяқшалары болады).
Іш сүзегінің
гранулемалары
талақта, лимфалық түйіндерде, сүйек кемігінде, өкпеде, өт
қабында және бүйректе түзіледі.
Кейде ішектің іш сүзегіне тән өзгерістерінен гөрі басқа мүшелердің гранулемалы
өзгерістері басым болады да, сол мүшелердің зақымдалған жерлерінен алынған
себінділерден іш сүзегінің таяқшалары табылады. Егер іш сүзегінің гранулемалары
өкпеде көп болып, іш сүзектік ерекше пневмония дамыса, ондай сүзек
пневмотиф
деп
(Лозовский Ю.М.,1948) ал ішек онша зақымдалмай, гранулемалар өт жолдарынан
табылса, -
холангиотиф
деп аталады (Абрикосов А.И., 1927).
Талақ
, әдетте 3-4 есе ұлғайып, қабығы керіледі, қошқыл қызыл пульпасынан
мол қырынды алынады. Қызыл пульпа гиперплазиялы болып, моноциттер мен
ретикулалық жасушалардан іш сүзектік гранулемалар түзіледі.
Миокардта,
бауырда, бүйректе
дистрофия дамиды. Кейде
холецистит
байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: