Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет588/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   584   585   586   587   588   589   590   591   ...   832
Асқыну зардаптары

Ішекпен
байланысты асқыну зардаптарынан ең жиі, әрі 
қауіптілері 

ішектің ішіне 
қан кету
мен қабырғасының 
тесілуі
. Қан, әдетте 3-
ші аптада кетіп, кейде өлімге ұшыратады. Ойық жара көбінесе 4-ші аптада 
тесіледі. Ондай жағдайда іш сүзегінің гранулемалары ішектің бұлшықетті 
қабатын қамтып, некроз іш пердесіне дейін жайылады. Жара тесілсе, 
перитонит
дамиды. Оған шажырқайдағы некроз ошақтары немесе талақтың 
қабығының жыртылуы себеп болады (некрозды гранулемалар қабықтың 
астында қалыптасса). 
Ішектен басқа мүшелердегі
өзгерістерден өрбитін асқыну зардаптарының ең 
маңыздылары: пневмония, көмейдің іріңді перихондриті, іштің тік бағытты 
бұлшықеттеріндегі балауыз тәрізді некроз ошақтары, остеомиелит пен 
бұлшықеттер арасындағы абсцестер. 
Пневмонияны
көбінесе пневмококк, стафилококк қоздырып, оған іш сүзектік 
таяқша сирек қатысады. Әдетте, өкпенің төменгі бөліктерінде ошақты 
пневмония дамиды. Әбден әлсіреген науқастардың 
кеңірдегінде
іріңді 
перихондрит
дамып, өңешінің кіре берісінде жауыр пайда болады. Іштің тік 
бағытты бұлшықетінде дамитын 
балауыз тәрізді некро
з 
— 
бірсыдырғы жиі 
үдеріс. 
Іріңді остеомиелит
пен
бұлшықеттер арасының абсцестері
аурудың 
соңғы кезеңіне тән. 
Іш сүзектік сепсиске
сирек ұласады және ол дамығанда 
жергілікті (ішектерде өрістейтін) өзгерістер байқала қоймайды (
typhus sine 
typho
). 
Іш сүзегімен науқастар, әдетте ауруы асқынып, ішегіне қан кеткендіктен 
немесе перитонит, пневмония, сепсис дамығандықтан 
өледі
.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   584   585   586   587   588   589   590   591   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет