Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет590/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   586   587   588   589   590   591   592   593   ...   832
Байланысты:
струков патан

Асқыну зардаптары
. Кейде уытты әсерлі инфекциялық шок дамиды, іріңді 
инфекция қосарланады, дұрыс емделмесе, дисбактериоз байқалады. 
ДИЗЕНТЕРИЯ 
Дизентерия
(грекше: 
dys
— бұзылу, 
enteron
— ішек) — жедел инфекциялық 
ауру; тоқ ішек басымырақ зақымдалып, уытты әсер байқалады. 
Этиологиясы мен патогенезі
. Оны туыстас бактериялар тобы — шигеллалар 
қоздырады. Қоздырушылардың нысаны жиі ауысып отырады. Олар фекал-
оралдық жолмен жұғады. Инкубациялық мерзімі 3 тәуліктей. Шигеллалар тоқ 
ішекте жақсы көбейеді (261-сурет). Өйткені тоқ ішектің шырышты 
қабықшасындағы шигеллаға лейкоциттер де, антиденелер мен антибиотиктер де 
онша әсер ете алмайды. Шигелланың эпителийлік жасушаға цитопатогенді 
әсері бар, сондықтан эпителий зақымдалып, түлеп, аурудың бастапқы кезеңінде 


Нуржігіт Алтынбеков 
475
тоқ ішек катарлы қабынады. Эпителий жойылған кезде энтеротоксин түзіліп, 
вазопараличті әсер етеді; қан тамырларында паралич дамып, ішектің 
қабырғасындағы жүйкелік ганглийлер де зақымдалады. Ішектің эпителийі 
бүлініп, қан тамырлары параличке ұшырайтындықтан, экссудация үдеп, 
катарлы қабыну фибринді қабынуға ұласады да, кейін фибринді қабыршық 
сыдырылып, шырышты қабықшада некроз өрістеп, ойық жаралар пайда болады. 
Сонымен, тоқ ішекте дизентериядан дамитын морфологиялық өзгерістер 
эпителийдің ішіндегі шигелланың тіршілік әрекетімен және оның токсинінің 
вазопараличтік әсерімен сабақтас деп айтуға әбден болады. Науқастың жас 
шамасының да едәуір әсері бар.
261-сурет. Дизентерия: 
ішектің эпителийлік жасушасындағы 
шигелла (Бак); жасуша ауыр дистрофиялы; эндоплазмалық 
тордың (ЭТ) өзекшелері кеңіп, вакуольді, митохондриялар (М) 
мен микробүрлер (Мб) деструкциялы. 8000 (Такеуши мен 
басқалардан).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   586   587   588   589   590   591   592   593   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет