Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет597/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   593   594   595   596   597   598   599   600   ...   832
Байланысты:
струков патан

264-сурет. Холера. Энтерит 
(энтеробиопсия): а —толыққанды, су сіңген бүрлердің эпителийі сыдырылып, 
стромасына жасушалар шоғырланған (А.К. Агеевтің препараты); б — ішектік эпителийдің (Эп) 
гомогенді цитоплазмасында вакуольдер (В) көп; микробүрлер (Мб) бұзылып, сыдырылған; Бж — 
секреті көп бокалша жасуша . Іс — ішектің саңылауы. 10 000 (А.А. Авакян мен басқалардан).
 
Эксикоздың
нышандары мәйітті жай қарап зерттегенде де, оның ішкі 
құрылысынан да айқын көрінеді. Мәйіттің бұлшықеттері тез және бірнеше күн 
бойы сіресіп тұрады. Сондықтан әр бұлшықеттің сұлбасы айқын болады 
(«гладиатор кейпі»). Көбіне дененің, әсіресе саусақтардың терісі құрғап, ұсақ 
әжімді келеді («ақ жем қол»). Өлік тез сіреседі, сондықтан оның терісі де құс 
терісі тәрізденіп, бүртіктенеді. Шырышты қабықшалар мен терінің шел майы, 
бұлшықеттер де құрғайды. Бұлшықеттер қоңырлау қызыл реңді болады. 
Веналардағы қан қою әрі қошқыл түсті келеді. Сірі қабықшалар да құрғап, үстін 


Нуржігіт Алтынбеков 
480
жіп тәрізденіп созылатын, мөлдір, жабысқақ жалқаяқ басады. Организм суын 
жоғалтатындықтан, талақ, бауыр, өт қабы, бүйрек, миокард, ми сияқты мүшелер 
де ерекше өзгереді. 
Талақ
кішірейіп, қабығы әжімделіп, фолликулдары семеді, 
пульпасында гемосидероз дамиды. 
Бауырдың
гепатоциттерін дистрофия 
шарпып, паренхимасында некрозды ошақтар пайда болады, өт дұрыс түзілмей 
қалады. Ішіне ақ түсті, мөлдір өт («ақ өт») жиналған 
өт қабы
керіледі. 
Бүйректің
нефронының негізгі бөлімдеріндегі эпителий жойылып, олигурияға 
немесе бүйрек жеткіліксіздігіне ұшыратады. 
Миокард 
пен
 мида
дистрофия мен 
некробиоздық үдерістер байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   593   594   595   596   597   598   599   600   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет