Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет594/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   590   591   592   593   594   595   596   597   ...   832
Байланысты:
струков патан

Патологиялық анатомиясы
. Иерсиниоздың 3 клиника-морфологиялық 
нысаны бар: абдоминалдық (гастроэнтероколит), аппендикстік және сепсистік. 
Абдоминалдық нысанының
негізі — гастроэнтероколит, энтероколит немесе 
энтерит, кейде гастрит. Көбінесе аш ішектің соңғы бөлімдерінде катарлы 
немесе катарлы-ойық жаралы энтерит байқалады. Ішектің мықындық бөлімінің 
шырышты қабықшасы су сіңіп ісініп, саңылауы тарылады, лимфалық 
фолликулдары ұлғайып, олармен тұстас жерлерде пішіні сопақшалау жаралар 
пайда болады. Үдеріс кейде бүйенге де жайылап, псевдомембраналы колит 
орын алады. Ішектің барлық қабатын нейтрофилдер мен мононуклеарлы 
жасушалар, эозинофилдер мен плазмоциттер жайлайды. 
Шажырқайдағы лимфалық түйіндер
ұлғайып, бірігіп кетеді, тінін 
түрліядролы лейкоциттер, эозинофилдер мен гистиоциттер жайлап, кейде 
микроабсцестер қалыптасады. 
Бауыр
ұлғаяды, гепатоциттерде дистрофия дамып, кейде 
жедел гепатит
байқалады. 
Талақ
та ұлғайып, салмағы 1,5-2 есе өседі, фолликулдарындағы 
көбею орталықтары тым кеңіп, лимфалық тіні кемиды. 
Қан тамырларын
көбінесе 
иммундық кешендер
зақымдап
, жай васкулит немесе тромбылы 
васкулит, фибриноидты некроз өрістейді. Жүйелік васкулиттің салдарынан 
иерсиниозбен аурулардың 95%-ның денесі бөртеді, кейде гломерулонефрит 
дамиды. 


Нуржігіт Алтынбеков 
478
Аппендикстік иерсиниозды
кейбіреулер бұл аурудың абдоминалдық 
нысанына жатқызады. Оның барысында 
жедел апппендициттің
түрлі нысаны 
дамып, 
терминалдық илеит
пен 
шажырқайлық лимфаденит
байқалады. 
Аппендикстің қабырғасын түрліядролы лейкоциттер мен эозинофилдер
гистиоциттер жайлап, оларға макрофагтар мен эпителиоидтық жасушалар және 
Пирогов-Ланхганстың 
алып 
жасушалары 
араласып, 
иерсиниоздық 
гранулемалар түзеді. Бұл гранулемаларға кариорексис пен іріңдеп жиду тән. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   590   591   592   593   594   595   596   597   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет