Нуржігіт Алтынбеков
480
жіп тәрізденіп созылатын, мөлдір, жабысқақ жалқаяқ басады. Организм суын
жоғалтатындықтан, талақ, бауыр, өт қабы, бүйрек, миокард, ми сияқты мүшелер
де ерекше өзгереді.
Талақ
кішірейіп, қабығы әжімделіп, фолликулдары семеді,
пульпасында гемосидероз дамиды.
Бауырдың
гепатоциттерін дистрофия
шарпып, паренхимасында некрозды ошақтар пайда болады, өт дұрыс түзілмей
қалады. Ішіне ақ түсті, мөлдір өт («ақ өт») жиналған
өт қабы
керіледі.
Бүйректің
нефронының негізгі бөлімдеріндегі эпителий жойылып, олигурияға
немесе бүйрек жеткіліксіздігіне ұшыратады.
Миокард
пен
мида
дистрофия мен
некробиоздық үдерістер байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: