Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет596/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   592   593   594   595   596   597   598   599   ...   832
Нуржігіт Алтынбеков 
479
(
профузды
диарея
). Диареяға жасушалар мен тамырлардың мембраналары 
зақымдалып, тін мен тамыр арасындағы өткізгіштіктің артуы да себеп болады. 
Мембраналарды вибриондағы муциназа зақымдайды (
холера патогенезінің 
мембрана-фильтрациялық теориясы
). 
Профузды диареядан организмде су мен электролиттер (натрий, калий, 
бикарбонаттар) азайып, организм суын жоғалтады, сондықтан гиповолемиялық 
шок пен заталмасулық ацидоз орын алып, қан қойылады, гипоксия мен 
олигурия өрістейді, дененің қызуы төмендеп, холераның алгидтік (латынша: 
algor — суық) кезеңі дамиды. Эксикоз бен электролиттер тепе-теңдігі тез 
бұзылып, холералық комаға басты себеп болады. 
Патологиялық анатомиясы
. Холераның даму барысы холералық энтерит 
пен холералық гастроэнтерит және алгидтік кезеңдерге жіктеледі. 
Холералық энтерит
кезінде аш ішек ұйымалы немесе ұйымалы-
геморрагиялы нысанда қабынады. Су сіңіп, қан кернеп, шырышты қабықша 
ісінеді. Секретті тым көп түзген бокалша жасушалардың цитоплазмалық 
мембранасы жыртылып, ондағы секрет ішектің саңылауына құйылады. Әр 
жерінде бірен-саран немесе көптеген қанды ошақтар пайда болады. Энтеритпен 
(әсіресе, Эль-Тор вибрионы дамытқан энтеритпен) аурулар дер кезінде емделсе, 
көбіне айығып кетеді. Кейде бұл кезең аурудың екінші кезеңіне — холералық 
гастроэнтеритке ұласады. 
Холералық гастроэнтерит
кезінде энтерит дамиды, эпителийлік жасушалар 
вакуольденіп, микробүрлерінен айырылып, кейбіреуі өліп, сыдырылады. 
Энтеритке ұйымалы немесе ұйымалы-геморрагиялы гастрит қосарланады. 
Организмнің суы диареядан ғана емес, науқас құса бергендіктен де өте тез 
азаяды. 
Алгидтік кезең
— морфологиялық бейнесі ең айқын кезең (264-сурет). Аш 
ішектің
тамырларын қан кернеп, қабырғасы су сіңіп ісініп, бүрлеріндегі 
эпителий некроз шарпып, түлейді. Шырышты қабықшаға лимфоциттер, 
плазмациттер, нейтрофилдер шоғырланып, қанды ошақтар пайда болады. Ішек 
керіліп, саңылауы кеңиді, ішіне күріш көже тәрізді, иіссіз сұйықтық өте көп 
жиналады (4-5л). Бұл сұйықтықта вибрион көп. Ішектің сірі қабығы құрғап, 
көмескі тартып, қызғылт сары реңге енеді, ұсақ қанды дақтар пайда болады. 
Ішектің арасына жіп тәрізді созылғыш, мөлдір жабысқақ жалқаяқ жиналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   592   593   594   595   596   597   598   599   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет